Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 13 декабря 2010 года № 410/54-IV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны"

Ереже · № 439/59-IV · қабылданған 11.03.2011
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2010-no-41054-iv-ekb-58404/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 13 декабря 2010 года № 410/54-IV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны" Күшін жойған Ереже ·№ 439/59-IV ·11.03.2011
27.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 13 декабря 2010 года № 410/54-IV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны"

Күшін жойған Ереже ·№ 439/59-IV · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 13 декабря 2010 года № 410/54-IV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны"
Атауы (қаз.)
Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
439/59-IV
Қабылданған күні
11.03.2011
Көрсетілген редакция
27.06.2014 AI58404_3.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11A0000670
ЭКБ идентификаторы
58404
Редакция идентификаторы
AI58404_3
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 05:55

0 Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 24 қаңтарда № 666 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 11 "Вечерняя Астана", 2010 жылғы 27-29 қаңтардағы № 10, 11 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы қағидасында:

9 9-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

5 "5) дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету.";

26-тармақта "он" сөзі "бес" сөзімен ауыстырылсын;

2 2-тарау мынадай мазмұндағы 6-бөліммен толықтырылсын:

6 "6-бөлім. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

38-1 38-1. Амбулаторлық емделуде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге Әлеуметтік көмек азаматтардың мына санаттарына:

1 1) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-8 баптарымен мәртебесі белгіленген соғыс ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға";

2 2) Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбектері үшін зейнетақы алушыларға ұсынылады.

38-2 38-2. Астана қаласының әкімдігі жыл сайын Әлеуметтік көмек шеңберінде ұсынылатын дәрі-дәрмек құралдарының тізбесін бекітеді.

38-3

38-3. Әкімші Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған Орталық клиникалық госпиталіне (бұдан әрі – Клиникалық госпиталь) осы Қағидасының 38-1 тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тізімдерін, сондай-ақ жаңадан тағайындалған және келген азаматтар туралы мәліметтерді жыл сайын 3 қаңтарға дейін ұсынады.

38-4 38-4. Осы Қағиданың 38-1 тармағында көрсетілген санаттарға жататын дәрі-дәрмек құралдарына мұқтаж азаматтар Клиникалық госпитальге белгіленген үлгідегі жеңілдікті рецептті алуға хабарласады.

38-5 38-5. Клиникалық госпиталь Әкімші ұсынған дәрі-дәрмек құралдарының бекітілген тізбесі мен азаматтардың тізімдеріне сәйкес, хабарласуына қарай белгіленген үлгідегі жеңілдікті рецепттерді беруді жүзеге асырады.

38-6 38-6. Клиникалық госпиталь берген белгіленген үлгідегі ұсынылған жеңілдікті рецепттерге сәйкес дәрі-дәрмек құралдары Жеткізушілердің дәріханалық мекемелерінде жіберіледі.

38-7 38-7. Жеткізушілер ай сайын келесі айдың 5-не дейін жіберілген дәрі-дәрмек құралдарының тізілімдемелері мен берілген жеңілдікті рецепттердің түпнұсқаларын Әкімшіге ұсынады.";

39-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

5 "5) "Астана қаласының Құрметті азаматы" атағы берілген азаматтарға ақшалай төлемдер;";

42-тармақта "және дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуге" деген сөздер алынып тасталсын;
43-тармақтың 1) тармақшасында:
"5,7" сандары "5" санымен ауыстырылсын;
"6,7" сандары "6" санымен ауыстырылсын;
"7,7" сандары "7" санымен ауыстырылсын;
"8,7" сандары "8" санымен ауыстырылсын;
43-тармақтың 2) тармақшасында:
"5,7" сандары "5" санымен ауыстырылсын;
43-тармақтың 3) тармақшасында:
"3,1" сандары "2,4" санымен ауыстырылсын;

45 45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

45 "45. Соғыс ардагерлеріне, соларға теңестірілген тұлғаларға ақшалай төлемге құқығы бар бірнеше адам бір тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелген жағдайда, төлем осы Қағиданың 43-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа тек қана біреуіне жүргізіледі.";

51-тармақтың үшінші, төртінші, алтыншы, оныншы, он үшінші азатжолдары "Ардагерлер кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін комиссияларының мүшелеріне" деген сөздермен;
52-тармақтың бірінші азатжолы "төлемдер" деген сөзден кейін "Ардагерлер кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелеріне" сөздермен толықтырылсын;
3-бөлімнің 6-тарау атауы мынадай редакцияда жазылсын:

6 "6-тарау. "Астана қаласының Құрметті азаматы" атағы берілген азаматтарға ақшалай төлемдер";

78 78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

78 "78. "Астана қаласының Құрметті азаматы" атағы берілген азаматтарға ақшалай төлемдер Астана қаласы мәслихатымен Әкімшіге ұсынылған тізімдердің негізінде ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады.";

79 79-тармақ алынып тасталсын.

2 2. Осы шешім оны алғашқы рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы мәслихаты сессиясының
төрағасы - хатшысы                         В. Редкокашин

Қолданыстағы