О внесении дополнений в решение маслихата города Астаны от 13 декабря 2010 года № 410/54-IV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение маслихата города Астаны от 13 декабря 2010 года № 410/54-IV "О Правилах оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны"
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-ІV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 83/10-V
- Қабылданған күні
- 21.11.2012
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2014 AI69265_3.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12A0000756
- ЭКБ идентификаторы
- 69265
- Редакция идентификаторы
- AI69265_3
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:50
0 Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-ІV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-ІV «Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасы туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 24 қаңтарда № 666 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 қаңтарда № 11 «Вечерняя Астана», 2011 жылғы 27-29 қаңтарда № 10, 11 газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидасының (бұдан әрі - Қағида) қосымшасында:
Амбулаторлық емделу кезінде Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын тегін қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмек құралдарының тізбесі келесі мазмұндағы 201, 202, 203 реттік нөмірлі жолдармен толықтырылсын:
«
201.
Тамсулозин гидрохлориді
таблеткалар 400 мг
202.
Финастерид
таблеткалар 5 мг
203.
Өт, сарымсақ, қалақай жапырақтары, белсендірілген көмір
қабыршықпен қапталған таблеткалар
».
2 2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы Н. Мещеряков
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы С. Есілов
КЕЛІСІЛДІ:
«Астана қаласы
Денсаулық сақтау басқармасы» (ДБ)
мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Сегізбаева
2012 жылғы 21 қараша