Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Таласского района от 13 декабря 2010 года № 541 "Об организации общественных работ в 2011 году"

Қаулы · № 296 · қабылданған 26.07.2011
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2010-no-541-2011/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Таласского района от 13 декабря 2010 года № 541 "Об организации общественных работ в 2011 году" Қолданыста 26.07.2011 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Таласского района от 13 декабря 2010 года № 541 "Об организации общественных работ в 2011 году"

Қолданыста Қаулы № 296 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Таласского района от 13 декабря 2010 года № 541 "Об организации общественных работ в 2011 году"
Атауы (қаз.)
"2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 541 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
296
Қабылданған күні
26.07.2011
Қолданысқа енгізілген күні
29.08.2011
Көрсетілген редакция
26.07.2011 AI60101_0.kaz
Соңғы өзгеріс
26.07.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V11GJ000120
ЭКБ идентификаторы
60101
Редакция идентификаторы
AI60101_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 04:53
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

"2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 541 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабының 5 тармағына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2011 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Талас ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 541 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-10-116 болып тіркелген, 2011 жылдың 29 қаңтарында № 13-14 «Талас тынысы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған қаулының 1-қосымшасы келесі мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
21. «Талас ауданы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
22. «Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
23. «Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
24. «Талас ауданының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі;
25. «Талас ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
аталған қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ж.Тұрысбекке жүктелсін.

«КЕЛІСІЛДІ»

«Талас ауданының мемлекеттік мұрағаты»

мемлекеттік мекемесінің директоры

С.Досымбеков

26 шілде 2011 жыл

Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, сұраныс пен ұсыныс, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері

Талас ауданы әкімдігінің

2011 жылғы 26 шілдедегі

№ 296 қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, сұраныс пен ұсыныс, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері

Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Атқарылатын жұмыс көлемі мен нақты жағдайлары
Сұраныс
Ұсыныс
Қатысушылардың еңбекақысының мөлшері (бір қатысушыға) және оларды қаржыландырудың көздері
1.
Көркем безендіру және көгалдандыру
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі-6 ай.
Қала, ауыл округтері бойынша көркем безендіру-150 километр. Қоқыстан тазарту жұмыстары-33 000 куб метр, гүл және тал ағаштарын отырғызу – 4 000 түп.
77
77
18 110 теңге
жергілікті бюджет
2.
Халыққа әлеуметтік көмек көрсетуге көмектесу
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі- 6 ай.
Аудан бойынша әлеуметтік көмек түрлерін алушылардың құжаттарын рәсімдеуге көмектесу – 112 000 құжат
3
3
18 110 теңге
жергілікті бюджет
3.
Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету
Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімі- 6 ай.
Мекемелердегі құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету – 17 900 құжат
7
7
18 110 теңге
жергілікті бюджет
Барлығы:
87
87