Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил передачи морских портов, имеющих статус международного значения, в оплату акций национального управляющего холдинга, национального холдинга, национальной компании и внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 сентября 2011 года № 1045 "Об утверждении Правил и условий передачи в оплату акций национального управляющего холдинга, национального холдинга, национальной компании государственного имущества, не подлежащего приватизации"

Қаулы · № 1431 · қабылданған 12.11.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2011-no-1045-ekb-68595/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об утверждении Правил передачи морских портов, имеющих статус международного значения, в оплату акций национального управляющего холдинга, национального холдинга, национальной компании и внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 сентября 2011 года № 1045 "Об утверждении Правил и условий передачи в оплату акций национального управляющего холдинга, национального холдинга, национальной компании государственного имущества, не подлежащего приватизации" Қолданыста Қаулы ·№ 1431 ·12.11.2012
12.11.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил передачи морских портов, имеющих статус международного значения, в оплату акций национального управляющего холдинга, национального холдинга, национальной компании и внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 сентября 2011 года № 1045 "Об утверждении Правил и условий передачи в оплату акций национального управляющего холдинга, национального холдинга, национальной компании государственного имущества, не подлежащего приватизации"

Қолданыста Қаулы ·№ 1431 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил передачи морских портов, имеющих статус международного значения, в оплату акций национального управляющего холдинга, национального холдинга, национальной компании и внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 сентября 2011 года № 1045 "Об утверждении Правил и условий передачи в оплату акций национального управляющего холдинга, национального холдинга, национальной компании государственного имущества, не подлежащего приватизации"
Атауы (қаз.)
Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидаларын бекіту және "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк мүлiктi ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтiң, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 1045 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1431
Қабылданған күні
12.11.2012
Көрсетілген редакция
12.11.2012 AI68595_0.kaz
Соңғы өзгеріс
12.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1200001431
ЭКБ идентификаторы
68595
Редакция идентификаторы
AI68595_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 00:54

0

Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидаларын бекіту және "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк мүлiктi ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтiң, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 1045 қаулысына толықтыру енгізу туралы
"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидалары бекітілсін.

2

2. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк мүлiктi ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтiң, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 1045 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 759-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк мүлiктi ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтiң, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттары мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы Қағида халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын Алушының акцияларын төлеуге беруге қолданылмайды.".

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2012 жы­л­ғы 12 қа­ра­ша­да­ғы
№ 1431 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидалары Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген және халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын (бұдан әрі – теңіз порттары) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның (бұдан әрi – алушы) акцияларын төлеуге беру тәртібін айқындайды.

2 2. Алушының акцияларын төлеуге берілетін теңіз портының мүлкін бағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

2 2. Теңіз порттарын алушылардың акцияларын төлеуге берудің тәртібі

3

3. Меншік иесі (құқық иеленуші) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның жұмыс органына тізбесі мен қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 қаулысымен бекітілген Стратегиялық объектiлер меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң) оңалтушы (конкурстық) басқарушылардың стратегиялық объектiге ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау қағидаларымен айқындаған теңіз портын алушының акцияларын төлеуге беру мәселесі бойынша тиісті құжаттарды енгізеді.

4 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның қорытындысы оң болса:

1

1) республикалық меншіктегі теңіз порты берілген жағдайда – сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган Комиссия қорытындысы шығарылған күннен бастап бір ай ішінде теңіз портын алушының акцияларын төлеуге беру туралы Үкімет шешімінің жобасын дайындайды, ол мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) және басқа да мүдделі органдармен келісілуге тиіс;

2

2) коммуналдық меншіктегі теңіз порты берілген жағдайда – жергілікті атқарушы орган теңіз портын республикалық меншікке Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасымен белгіленген тәртіппен береді.
Кейіннен теңіз портын алушының акцияларын төлеуге беру осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

5

5. Теңіз портын алушының акцияларын төлеуге беру туралы шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде беретін және алатын тараптың уәкілетті лауазымды адамдары қол қоятын және уәкілетті орган мен сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган басшылары бекітетін теңіз портының мүлкін қабылдау-беру актісі (табыстау актісі) ресімделеді.
Қабылдау-беру актісі (табыстау актісі) мемлекеттік және орыс тілдерінде, қабылдау-беру актісін (табыстау актісін) ресімдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалады.

Қолданыстағы