О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 сентября 2011 года № 1045 «Об утверждении Правил и условий передачи в оплату акций национального управляющего холдинга, национального холдинга, национальной компании государственного имущества, не подлежащего приватизации»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 сентября 2011 года № 1045 «Об утверждении Правил и условий передачи в оплату акций национального управляющего холдинга, национального холдинга, национальной компании государственного имущества, не подлежащего приватизации»
- Атауы (қаз.)
- «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 1045 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 831
- Қабылданған күні
- 17.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 17.10.2022 172967_598371.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000831
- ЭКБ идентификаторы
- 172967
- Редакция идентификаторы
- 172967_598371
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:23
0 «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 1045 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 1045 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын 114-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидасы мен шарттары (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 114-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік мүлікті (бұдан әрі – мүлік) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның (бұдан әрі – алушы) акцияларын төлеуге берудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Уәкілетті орган алушының акцияларын төлеуге берілетін мүлікті бағалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.».