О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2011 года № 1525 «О некоторых вопросах Карачаганакского проекта»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2011 года № 1525 «О некоторых вопросах Карачаганакского проекта»
- Атауы (қаз.)
- «Қарашығанақ жобасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 194
- Қабылданған күні
- 03.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2015 88201_Some(100675).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000194
- ЭКБ идентификаторы
- 88201
- Редакция идентификаторы
- 88201_Some(100675)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:37
0 «Қарашығанақ жобасының кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1525 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қарашығанақ жобасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы №1525 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, № 39, 154-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қоса беріліп отырған Аджип Карачаганак Б.В. («Аджип»),
БГ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед («Бритиш Газ»), Тексако Интернэшнл Петролеум Компани («Тексако») компаниялары, «ЛУКойл» мұнай компаниясы» ашық акционерлік қоғамы («ЛУКойл»), «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» жабық үлгідегі акционерлік қоғамы («Қазақойл») мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің салық режимі туралы нұсқаулық бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Аджип Карачаганак Б.В. («Аджип»),
БГ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед («Бритиш Газ»), Тексако Интернэшнл Петролеум Компани («Тексако») компаниялары, «ЛУКойл мұнай компаниясы» ашық акционерлік қоғамы («ЛУКойл»), «Қазакойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» жабық үлгідегі акционерлік қоғамы («Қазақойл») және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ-конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің салық режимі туралы нұсқаулықта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Аджип Карачаганак Б.В. («Аджип»), БГ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед («Бритиш Газ»), Тексако Интернэшнл Петролеум Компани («Тексако») компаниялары, «ЛУКойл» Мұнай Компаниясы» ашық акционерлік қоғамы («ЛУКойл»), «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» жабық үлгідегі акционерлік қоғамы («Қазақойл») мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесінің Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің салық режимі туралы нұсқаулық*»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. ӨБТК 12.1 және 12.2-бөлімдеріне сәйкес мүлікті беру қандай да бір пайда алуды немесе шығынды көздемейді, осыған байланысты осындай беру кезінде салық салу мақсатында іске асыру бойынша кіріс және/немесе айналым туындамайды. Бұл ретте осы тармақтың ережелері ӨБТК 12.1 және
12.2-бөлімдеріне сәйкес іс жүзінде берілген мүлікке қатысты ғана қолданылады.».