О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 13 апреля 2011 года № 2/225 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в городе Алматы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Алматы от 13 апреля 2011 года № 2/225 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в городе Алматы"
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 2/225 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2/463
- Қабылданған күні
- 31.05.2013
- Көрсетілген редакция
- 31.05.2013 73169_141140.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13R0000982
- ЭКБ идентификаторы
- 73169
- Редакция идентификаторы
- 73169_141140
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 23:00
0 Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 2/225 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 2/225 қаулысына (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Реестрінде № 888 тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2011 жылдың 7 мамырда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Алматы қаласында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»
1 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;».
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
3 3. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Енгізуші:
Алматы қалалық Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
Ә. Құлмаханов
Келісілді:
Алматы қаласы
әкімінің орынбасары
Ю. Ильин
Алматы қаласы әкімі аппаратының
заң бөлімінің басшысы
А. Қасымова