О внесении изменений в постановление акимата района от 13 декабря 2011 года № 266 "Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата района от 13 декабря 2011 года № 266 "Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов"
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 266 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 214
- Қабылданған күні
- 05.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 24.11.2014 AI82995_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14TE002984
- ЭКБ идентификаторы
- 82995
- Редакция идентификаторы
- AI82995_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:40
0 Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 266 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 28-бабының 6-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 266 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4-5-155 тіркелген, аудандық "Қызылқоға" газетінде 2012 жылы 26 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қосымшаға сәйкес көрсетілген қаулының № 2 қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2 2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Абуовке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы:
Ж.Ибрашев
4 қыркүйек 2014 жыл
4 Аудан әкімдігінің
2014 жылғы 5 қыркүйек
№ 214 қаулысына 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына және Қызылқоға ауданы бойынша облыстық, аудандық Мәслихат депутаттығына сайлау округтері бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін орындар белгілеуге жауапты мемлекеттік орган
№
Мемлекеттік орган атауы
Басшы
Телефон, факс
Адрес
1
Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі
Сәлімгереева Құралай Әділшеқызы
871238
2-12-02
Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Тайпақ Қарабалин көшесі № 39