Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 мая 2011 года № 276 «Об утверждении Правил технического наблюдения за постройкой судов и изготовлением материалов и изделий»

Бұйрық · № 116 · қабылданған 16.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2011-no-276/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 мая 2011 года № 276 «Об утверждении Правил технического наблюдения за постройкой судов и изготовлением материалов и изделий» Қолданыста Бұйрық ·№ 116 ·16.03.2021
16.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 мая 2011 года № 276 «Об утверждении Правил технического наблюдения за постройкой судов и изготовлением материалов и изделий»

Қолданыста Бұйрық ·№ 116 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 мая 2011 года № 276 «Об утверждении Правил технического наблюдения за постройкой судов и изготовлением материалов и изделий»
Атауы (қаз.)
«Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
116
Қабылданған күні
16.03.2021
Көрсетілген редакция
16.03.2021 153699_517602.kaz
Соңғы өзгеріс
16.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022373
ЭКБ идентификаторы
153699
Редакция идентификаторы
153699_517602
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:12

0 «Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 бұйрығына

өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық бақылау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 276 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6993 болып тіркелген, 2011 жылғы 29 қарашада Заң газетінің № 175 (2165) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық бақылау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және «Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау және жасау, сондай-ақ кемелерді жасау және оларға материалдар мен бұйымдарды дайындауды жүзеге асыру кезінде экологиялық қауіпсіздікті тексеру мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Кеме қатынасы тіркелімі» филиалы техникалық бақылауының нысанын, тәртібін, әдісін және көлемін, сондай-ақ «Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландырудан өткізу» мемлекеттік қызметін көрсетудің тәртібін белгілейді.»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Тану туралы куәлік алу үшін өтініш беруші «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Кеме қатынасы тіркеліміне ұйымды немесе сынақ зертханасын тану туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес «Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландырудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты).
Өтініш берушінің «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сауалды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін және уақытын көрсете отырып хабарлама жолданады.
Кеме қатынасы тіркелімі құжаттарды қараудың, куәландырудың және Тану туралы куәлікті берудің жалпы мерзімі 10 (он) жұмыс күнді құрайды.
«Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландырудан өткізу» мемлекеттік қызметі заңды тұлғаларға көрсетіледі.»;
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Тану туралы куәлікті алу үшін өтініш берушіде мыналар:
1) мәлімденген жұмыстар жүргізілетін жекеменшік немесе жалға алынған өндірістік алаңдар;
2) мәлімденген жұмыстарға қатысатын мамандар;
3) мәлімденген жұмысты орындау үшін пайдаланылатын жекеменшік (жекеменшік емес) (станок, стенд, дәнекерлеу, сынау және басқа) жабдық;
4) орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау (кіріс бақылауы, операциялық бақылау, шығыс бақылауы, өлшеу құралдарын мерзімді тексеру және/немесе калибрлеу);
5) жұмыстарды жүргізу үшін бекітілген технологиялық нұсқаулықтар болуы тиіс.
Процестің бір бөлігін Кеме қатынасы тіркелімі таныған үшінші тұлғаларға берген өтініш беруші сондай-ақ берген процестердің қамтамасыз етілуін, бақылауын және реттелуін растау қажет.»;
65-тармақ алып тасталсын;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Егер сауалнаманың нәтижелері мен сынақтардың нәтижелері қанағаттанарлық болса, Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген мерзімде, Кеме қатынасы тіркелімінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолы қойылған, осы Қағидаларға Тану туралы куәлік дайындайды және порталға жолдайды.
Мәлімделген жұмыс түрлерінің бір немесе бірнеше түрлері осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болмаған кезде Тану туралы куәлік сапасы расталған жұмыс түрлеріне беріледі.
Тану туралы куәлікті беруден бас тарту кезінде, порталда өтініш берушінің «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себебін көрсете отырып, электронды түрде хабарлама жолданады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидаларына 3-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаның редакциясына сәйкес 3-2-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

1 Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 116 бұйрығына
1-қосымша
Кемелерді жасауды және
материалдар мен бұйымдарды
дайындауды техникалық
байқау қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Ұйымды / сынақ зертханасын тануға өтінім
________________________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
_______________________________________________________________________тұлғасында
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
мынадай жұмыс түрлерінің орындалу мүмкіндігін бағалау мақсатында ұйымды / сынақ
зертханасын тану жүргізілуін сұрайды:______________________________________________
(Қағидалардың талаптарына сәйкес дайындалатын материалдар мен
бұйымдардың, орындалатын сынақтардың, жұмыстардың тізбесін көрсету)
Заңды мекенжайы _______________________________________________________________
Нақты мекенжайы _______________________________________________________________
Телефон (қала кодын көрсете отырып) ______________________________________________
E-mail__________________________________________________________________________
БСН ____________________________________________________________________________
Ұйым туралы мәліметтер:
1) мәлімденген жұмыстар жүргізілетін жекеменшік немесе жалға алынған өндірістік алаңдардың болуы (құжаттардың атауы, нөмірі, берілген / жасалған / бекітілген күні, жарамдылық мерзімі, тиісті құжаттар кімге, не үшін, кімге берілгенін көрсете отырып) _______________________________________________________
2) мәлімденген жұмыстарға қатысатын мамандар, олардың кәсіби дайындығы, біліктілігі, саны, мамандықтары, қай жерде және қай маман тартылатындығы туралы мәліметтер (құжаттардың атауы, нөмірі, берілген / жасалған / бекітілген күні, жарамдылық мерзімі, тиісті құжаттар кімге, не үшін, кімге берілгенін көрсете отырып) _______________________________________________
3) мәлімденген жұмысты орындау үшін пайдаланылатын жекеменшік (жекеменшік емес) (станок, стенд, дәнекерлеу, сынау және басқа) жабдықтың саны және сипаттамалары (құжаттардың атауы, нөмірі, берілген / жасалған / бекітілген күні, жарамдылық мерзімі, тиісті құжаттар кімге, не үшін, кімге берілгенін көрсете отырып) _______________________________________________________
4) орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау туралы мәліметтер (кіріс бақылауы, операциялық бақылау, шығыс бақылауы, өлшеу құралдарын мерзімді тексеру және/немесе калибрлеу) (құжаттардың атауы, нөмірі, берілген / жасалған / бекітілген күні, жарамдылық мерзімі, тиісті құжаттар кімге, не үшін, кімге берілгенін көрсете отырып) _______________________________________________
5) жұмыстарды жүргізу үшін бекітілген технологиялық нұсқаулықтардың бары туралы мәліметтер (құжаттардың атауы, нөмірі, берілген / жасалған / бекітілген күні, жарамдылық мерзімі, тиісті құжаттар кімге, не үшін, кімге берілгенін көрсете отырып) _____________________________________________________________
6) өтініш берушінің оған тарап ұйымдары берген процестердің қамтамасыз етілуін, бақылауын және реттелуін растайтын мәліметтер (процестің бір бөлігін үшінші тұлғаларға берген ұйымдар үшін) (құжаттардың атауы, нөмірі, берілген / жасалған / бекітілген күні, жарамдылық мерзімі, тиісті құжаттар кімге, не үшін, кімге берілгенін көрсете отырып) ______________________________________
Байланыс жасайтын адам _________________________________________

2 Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2021 жылғы «___» ___________
№ ___ бұйрығына
2-қосымша
Кемелерді жасауды және
материалдар мен бұйымдарды
дайындауды техникалық байқау
қағидаларына 3-1-қосымша
«Ұй­ым­дар­ды және сы­нақ зерт­ха­на­ла­рын
тех­ни­ка­лық ку­әлан­ды­ру­дан өт­кі­зу»
мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі­нің Кө­лік ко­ми­те­ті «Қа­зақ­стан су жол­да­ры» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­пор­ны­ның «Ке­ме қа­ты­на­сы тір­ке­лі­мі» фи­ли­а­лы
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
10 (он) жұ­мыс кү­ні
4
Көр­се­ту ны­са­ны мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Та­ну ту­ра­лы ку­ә­лік неме­се осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уә­ждел­ген жа­у­ап
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет «Мем­ле­кет­тік мү­лік ту­ра­лы» 2011 жы­л­ғы 1 на­уры­зда­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 156-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­на сәй­кес ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
Алым со­ма­сын тө­леу екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер мен банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол ақ­ша­лай неме­се қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да неме­се «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­леу шлю­зі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 12.00-ден 13.00-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 08.00-ден 17.00-ға дей­ін.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ұй­ым­ды неме­се сы­нақ зерт­ха­на­сын та­ну ту­ра­лы өті­ніш;
2) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем туралы түбіртектің электрондық көшірмесі.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гі анық­тал­ған­да;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар мен мә­лі­мет­тер осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­ген­де;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі (үкі­мі) болған жағ­дай­лар­да.
10
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі пор­тал­дың «же­ке ка­би­нет», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­ме­ті, Бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры www.​miid.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да және мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғын­да көр­се­ті­л­ген: 1414.

3 Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2021 жылғы «___» ___________
№ ___ бұйрығына
3-қосымша
Кемелерді жасауды және
материалдар мен бұйымдарды
дайындауды техникалық байқау
қағидаларына 3-2-қосымша
[көрсетілетін қызмет берушінің мемлекеттік тілдегі атауы] мемлекеттік тілдегі деректемелері
[көрсетілетін қызмет берушінің орыс тілдегі атауы] орыс тілдегі деректемелері
Уәжделген бас тарту
Нөмір: [Нөмір]
Берген күні: [Берген күні]
[Өтініш берушінің атауы]
[УО атауы], Сіздің [Өтінім беру күні] № [Өтінім нөмірі] өтінішіңізді қарап, Тану туралы куәлікті беруден бас тарту туралы хабарлайды.
[Бас тартудың себептері].
[Қол қоюшының лауазымы]
[Қол қоюшының (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]

Қолданыстағы