Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 июня 2011 года № 362 "Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к лицам, которым выдается свидетельство авиационного персонала"

Бұйрық · № 909 · қабылданған 20.11.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2011-no-362-ekb-76666/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 июня 2011 года № 362 "Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к лицам, которым выдается свидетельство авиационного персонала" Қолданыста Бұйрық ·№ 909 ·20.11.2013
20.11.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 июня 2011 года № 362 "Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к лицам, которым выдается свидетельство авиационного персонала"

Қолданыста Бұйрық ·№ 909 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 июня 2011 года № 362 "Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к лицам, которым выдается свидетельство авиационного персонала"
Атауы (қаз.)
"Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына өөзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
909
Қабылданған күні
20.11.2013
Көрсетілген редакция
20.11.2013 AI76666_0.kaz
Соңғы өзгеріс
20.11.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300009004
ЭКБ идентификаторы
76666
Редакция идентификаторы
AI76666_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:50

0 "Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына өөзгеріс енгізу туралы

Азаматтық авиация саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 7058 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде № 251 (26672) 2011 жылғы 10 тамызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарында:
73-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) рульдеу диспетчерлік пункт, старттық диспетчерлік пункт, мұнара диспетчерлік пункті, шеңбер диспетчерлік пункті, жақындау диспетчерлік пункті, жергілікті диспетчерлік пункт, аудандық диспетчерлік пункт (орталықтың), диспетчер-нұсқаушысы, аға диспетчер, ұшу басшысы үшін үшінші класты қолданыстағы медициналық қорытындысының (сертификатының) болуы.
Брифинг диспетчерлік пункті, әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және үйлестіру диспетчері, Әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығының ауысым бастығы үшін «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген) бекітілген № 086/е нысаны бойынша медициналық анықтаманың (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) болуы.».

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталдарында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы