О внесении изменений и дополнения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 июня 2011 года № 362 «Об утверждении квалификационных требований к лицу для получения свидетельства авиационного персонала»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 июня 2011 года № 362 «Об утверждении квалификационных требований к лицу для получения свидетельства авиационного персонала»
- Атауы (қаз.)
- «Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 221
- Қабылданған күні
- 16.07.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 23.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2025 212585_774310.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036480
- ЭКБ идентификаторы
- 212585
- Редакция идентификаторы
- 212585_774310
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:15
0 «Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 5-тармағына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес (Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға «Авиация персоналына куәліктер беру» деген 1-қосымша) әзірленген.
2. Осы біліктілік талаптары авиация персоналының мынадай куәліктерін алу үшін кандидаттарға қолданылады:
1) ұшу экипажының мүшелеріне:
аса жеңіл әуе кемесінің пилотының куәлігі (ULAPL) (мотодельтаплан, автожир, дирижабль, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі);
жеңіл әуе кемесінің пилотының куәлігі (LAPL) (ұшақ, тікұшақ);
жеке пилоттың куәлігі (PPL) (ұшақ, тікұшақ, дирижабль көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі);
коммерциялық авиация пилотының куәлігі (CPL) (ұшақ, тікұшақ, дирижабль, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі);
көпмүшелі экипаж пилотының куәлігі (MPL) (ұшақ);
желілік пилот куәлігі (ATPL (ұшақ, тікұшақ көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі);
еркін аэростататтың пилотының куәлігі (FBPL);
планер пилотының куәлігі (GPL);
2) пилоттардан басқа ұшу экипажының мүшелеріне:
штурман куәлігі (FNL);
бортинженер куәлігі (бортмеханик) (FEL);
бортрадист куәлігі (FROL);
3) басқа авиация персоналына:
сыртқы пилот куәлігі (RPL) (ұшақ, дирижабль, планер, винтті, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі немесе еркін аэростат);
әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің куәлігі (ATCL) (бұдан әрі – ӘҚД);
әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманның куәлігі (AML) (бұдан әрі – ӘК ТҚ маманы);
ұшуларды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің немесе ұшу диспетчерінің куәлігі (FDL);
авиация станциясы операторының куәлігі (ASOL);
жеңіл және аса жеңіл авиацияға ӘК ТҚК маманның куәлігі (LAML).»;
4-тармақтың 38) тармақшасы алып тасталсын;
43-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12). ӘК ТҚК бойынша куәліктің белгілі бір санатының берілетін құқықтарында көзделген функцияларды орындау қабілетін көрсету.».