О внесении изменений и дополнений в решение Аршалынского районного маслихата от 13 декабря 2011 года № 43/3 "Об утверждении правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Аршалынском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Аршалынского районного маслихата от 13 декабря 2011 года № 43/3 "Об утверждении правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Аршалынском районе"
- Атауы (қаз.)
- Аршалы аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 43/3 "Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4/3
- Қабылданған күні
- 23.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2012 65724_190227.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BD000209
- ЭКБ идентификаторы
- 65724
- Редакция идентификаторы
- 65724_190227
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:23
0 Аршалы аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 43/3 "Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Аршалы аудандық мәслихаттың «Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 43/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-4-198 тіркелген, 2012 жылдың 3 ақпанында аудандық «Аршалы айнасы» газетінде, 2012 жылдың 9 ақпанында аудандық «Вперед» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінде:
5 тармақтың 3 тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«3) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын, не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасын);
6 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«6. Тұрғын үй көмегін өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде қарайтын және тұрғын үй көмегі тағайындалғаны немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығаратын тағайындау және төлеу бойынша өкілетті орган тағайындайды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама беру:
уәкілетті органға жүгінген кезде тұтынушының тікелей өзі баруы не пошталық хабарлама арқылы;
халыққа қызмет көрсету орталығына өзі барған кезде қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы күн сайын жүзеге асырылады.
7 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«7. Ақпараттың сенімділігінде күмән пайда болған жағдайда тұрғын үй көмегін төлеу бойынша өкілетті орган өтініш берушіден немесе тиісті орындардан тұрғын үй көмегін алу құқығын растайтын қосымша мәлімет беруді сұрайды.
Уәкілетті орган, егер телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу ақысы және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтыну отбасының шығыстары шекті жол берілетін деңгейінен аспайтын болса, мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тартады.
9 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«9. Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» Бұйрығы негізінде есептейді.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Аршалы ауданының әкімі Т.Мұханбеджанов