Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Кызылординской области от 13 февраля 2012 года N 322 "Об утверждении Правил передачи коммунального имущества Кызылординской области в доверительное управление"

Қаулы · № 315 · қабылданған 12.10.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2012-n-322/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Кызылординской области от 13 февраля 2012 года N 322 "Об утверждении Правил передачи коммунального имущества Кызылординской области в доверительное управление" Күшін жойған Қаулы ·№ 315 ·12.10.2013
25.12.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Кызылординской области от 13 февраля 2012 года N 322 "Об утверждении Правил передачи коммунального имущества Кызылординской области в доверительное управление"

Күшін жойған Қаулы ·№ 315 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Кызылординской области от 13 февраля 2012 года N 322 "Об утверждении Правил передачи коммунального имущества Кызылординской области в доверительное управление"
Атауы (қаз.)
"Қызылорда облысының коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы N 322 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
315
Қабылданған күні
12.10.2013
Көрсетілген редакция
25.12.2013 AI74998_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13L0004529
ЭКБ идентификаторы
74998
Редакция идентификаторы
AI74998_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:06

0 "Қызылорда облысының коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы N 322 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Қызылорда облысының коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 ақпандағы N 322 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4297 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 20 наурызда "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған қаулының 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

2 "2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.";

аталған қаулымен бекітілген Қызылорда облысының коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру Қағидасында:
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

2 "2) теңгерім ұстаушылардың жазбаша келісімінің негізінде жүзеге асырылатын, алаңы бір жүз шаршы метрге дейінгі үй-жайларды, ғимараттар мен құрылыстарды, қалдық құны бір жүз елу еселенген ең төменгі есепті көрсеткіштен аспайтын жабдықты бергенде;";

7 7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

7 "7. Осы Қағиданың 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға берген кезде мүдделі тұлғаның объектіні сенімгерлік басқаруға беруге еркін нысандағы өтініміне мынадай құжаттар қоса беріледі:

1 1) теңгерім ұстаушының объектіні сенімгерлік басқаруға жазбаша келісімі;

2 2) объектінің қажеттілігіне негіздеме;

3 3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаcы немесе куәліктің, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы) нотариалды куәландырылған көшірмелері;

жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкерді (бірлескен дара кәсіпкерлікті) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелері.";

22 22-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

22 "22. Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна әрбір объект үшін оның нарықтық құнының немесе теңгерімдік құнының (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) он пайызына дейін бөлек белгіленеді.";

27 27-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

27 "27. Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды ұсыну қажет:

1 1) осы Қағиданың қосымшасында белгіленген нысан бойынша тендерге қатысушыны тендер жеңімпазы деп жариялаған жағдайда оның жазбаша, ақпараттық хабарламада көрсетілген және тендерге қатысушының өзі ұсынған тендер талаптарында шарт жасасу міндеттемесін білдіретін тендерге қатысуға өтінімді;

2 2) паспортты немесе өзге жеке басын куәландыратын құжатты (құжаттың салыстырып тексеру үшін көшірмесін және түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі) – жеке тұлғалар үшін;

3 3) банктік шоттың барын растайтын банк анықтамасының түпнұсқасын;

4 4) кепілдік жарнаны төлегенін растайтын банк анықтамасының түпнұсқасын және көшірмесін;

5 5) жабық конверттегі тендердің шарттарын қанағаттандыратын ұсынысты (бизнес-жоспар);

6 6) өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың түпнұсқасын, сондай-ақ, өкілдің тұлғалығын куәландыратын құжаттың салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы мен көшірмесін, немесе жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін береді.";

28 28-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

28

"28. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жарғының және заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің салыстыру үшін көшірмелері мен түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін қосымша ұсынады. Шетелдік заңды тұлғалары құрылтай құжаттарын нотариалды куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынады.";
аталған қағида осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

23 2013 жылғы "12" қазандағы N 315

Қызылорда облысы әкімдігінің
қаулысына қосымша
Қызылорда облысының коммуналдық
мүлікті сенімгерлік басқаруға
беру қағидасына қосымша
Коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге қатысуға
      Өтінім

1 1. Кейіннен сатып алу _______________________ _______ мерзімге ______________________________

(құқығымен/құқығынсыз) жыл (объектінің атауы)
сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер өткізу туралы жарияланған ақпараттық хабарламаны қарап және коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасымен таныса отырып, мен. өтінімге қол қоюға уәкілетті, төменде қол қоюшы,______________________ _____________________________________________
(толық аты-жөні, тегі) (атынан тапсырыс беріп отырған Қатысушы көрсетіледі)
атынан тендерге қатысу өтінімін қабылдауды және 20____ жылғы "____" ________ ______________________ мекенжай бойынша өтетін тендерге қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын.

2 2. Біз (мен) ________________________________________ сомасында тендерге қатысу үшін ақпараттық

(теңгедегі сома, сондай-ақ жазумен көрсетіледі)
хабарламада көрсетілген облыстық (аудандық, Қызылорда қалалық) коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті атқарушы органның депозиттік шотына: ______________________________________________
(ЖСК, БСК, төлем коды, Кбе, мекеменің коды) кепілдік жарна енгіздік (енгіздім).

3

3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), біз (мен) тендерде жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған Тендердің нәтижелері туралы хаттама мен Сенімгерлік басқару шарты жарамсыз деп танылатына келісемін.

4

4. Егер біз (мен) тендердің Жеңімпазы болған жағдайда, өзімізге тендерді өткізген күні Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою және тендер аяқталғаннан кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпараттық хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған тендердің шарттарында Сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемесін аламыз.

5 5. Біз енгізген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынымен және мынадай:

тендер өткізілгенге дейін кемінде үш күн бұрын оған қатысудан бас тартқан;
Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға немесе Сенімгерлік басқару шартына қол қоюдан жалтарған;
менің (біздің) Қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайларда келісеміз (мін).

6 6. Осы өтінім Тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге Сенімгерлік басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.

7 7. Өтінішке

1 1) ____________________________________________________________ 2) ____________________________________________________________

3 3) ____________________________________________________________ қоса беріліп отыр.

8 8. Төлем деректемелері:

____________________________________________________________________ (бенефициар-банктің деректемелері: банктің атауы, ЖСК, БСК) ____________________________________________________________________ (алушының деректемелері: атауы, ЖСК, Кбе, ағымдағы шоты)

9 9. Қатысушының толық атауы (заңды тұлғаның немесе аты-жөні) және жеке тұлғаның паспорттық деректері мен тұратын жері (мекенжайы, телефон, факс және т.б.) ______________________________________

_________ ____________________________________________________ (қолы) (сенімхаттың негізінде әрекет ететін уәкілетті тұлғаның аты-жөні)
20_____ жылғы "____" ____________
Мөр орны

Қолданыстағы