О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 13 декабря 2012 года № 158-1828 "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2013 году"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 13 декабря 2012 года № 158-1828 "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2013 году"
- Атауы (қаз.)
- "2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 158-1828 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 158-1797
- Қабылданған күні
- 22.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2013 AI75380_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13A0000790
- ЭКБ идентификаторы
- 75380
- Редакция идентификаторы
- AI75380_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:02
0 "2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 158-1828 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 158-1828 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 4 қаңтарда № 759 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 қаңтардағы № 2 «Астана ақшамы», 2013 жылғы 5 қаңтардағы № 2 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының барлық мәтіні бойынша және жоғарыда аталған қаулыға қосымшадағы «мен оқитын жастар үшiн», «мен оқитын жастардың» деген сөздер алынып тасталсын.
2 2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Әкім И. Тасмағамбетов