О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 апреля 2012 года № 163 "Об утверждении норм расходов, типовых договоров на обучение и прохождение стажировки по международной стипендии "Болашак"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 апреля 2012 года № 163 "Об утверждении норм расходов, типовых договоров на обучение и прохождение стажировки по международной стипендии "Болашак"
- Атауы (қаз.)
- "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 192
- Қабылданған күні
- 04.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 04.03.2016 101073_74597.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013582
- ЭКБ идентификаторы
- 101073
- Редакция идентификаторы
- 101073_74597
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:08
0 «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі
№ 163 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы №573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысқан адамдар үшін);»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы көлемін анықтау үшін шығыстар нормаларындағы елдер бөлімінде:
1-тармақта:
реттік нөмірі 40-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
40.
Қазақстан Республикасы*
130 мың теңге
150 мың теңге
--
--
--
--
--
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 41, 42-жолдармен толықтырылсын:
«
41.
Бахрейн Корольдігі
700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес
700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес
-
560АҚШ долларына балама сомадан артық емес
675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес
50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес
50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес
42.
Біріккен Араб Әмірліктері
800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес
800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес
-
560 АҚШ долларына балама сомаданартық емес
675 АҚШ долларына баламасомадан артық емес
50 АҚШ долларына балама сомаданартық емес
50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес
»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған (конкурсқа мемлекеттік қызметшілер,ғылыми-педагог қызметкерлер, жоғары оқу орындарының түлектері, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысқан адамдар үшін) үлгілік шартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған (конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысқан адамдар үшін) үлгілік шарт».
2 2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықтың алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.