Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 апреля 2012 года № 163 "Об утверждении норм расходов, типовых договоров на обучение и прохождение стажировки по международной стипендии "Болашак"

Бұйрық · № 672 · қабылданған 03.12.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2012-no-163-ekb-97478/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 апреля 2012 года № 163 "Об утверждении норм расходов, типовых договоров на обучение и прохождение стажировки по международной стипендии "Болашак" Қолданыста Бұйрық ·№ 672 ·03.12.2015
03.12.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 апреля 2012 года № 163 "Об утверждении норм расходов, типовых договоров на обучение и прохождение стажировки по международной стипендии "Болашак"

Қолданыста Бұйрық ·№ 672 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 апреля 2012 года № 163 "Об утверждении норм расходов, типовых договоров на обучение и прохождение стажировки по международной стипендии "Болашак"
Атауы (қаз.)
"Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
672
Қабылданған күні
03.12.2015
Көрсетілген редакция
03.12.2015 97478_74575.kaz
Соңғы өзгеріс
03.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012809
ЭКБ идентификаторы
97478
Редакция идентификаторы
97478_74575
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:18

0 «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі

№ 163 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының  44-4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шартта:
2.5-тармақта:
2.5.2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2.5.2. Стипендиаттың тағылымдамадан өтуінің аяқталғандығы туралы жазбаша хабарламаны Орталықтан алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мамандығына сәйкес Стипендиатты жұмысқа қабылдауға және бұқаралық ақпарат құралдары мен мүдделі тараптарды тарта отырып, тағылымдамадан өту кезеңінде жаңа дағдыларды игеру бойынша Стипендиатты тыңдаудың міндетті рәсімін өткізуге;»;
2.5.7-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2.5.7. Стипендиатқа оның шарттық міндеттемелерін орындауын бақылау үшін қажетті ақпараттарды Орталыққа беру бойынша ықпал етуге;»;
мынадай мазмұндағы 2.5.8-тармақшамен толықтырылсын:
«2.5.8. Тағылымдамадан өту кезеңінде жаңа дағдыларды игеру бойынша Стипендиатты тыңдаудың міндетті рәсімін өткізгеннен кейін күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде Орталыққа Стипендиатты тыңдау қорытындылары туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.».

2 2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы