О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 марта 2012 года № 25-02-01/94 «Об утверждении Правил организации и ведения научной деятельности и научных исследований в природоохранных учреждениях»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 марта 2012 года № 25-02-01/94 «Об утверждении Правил организации и ведения научной деятельности и научных исследований в природоохранных учреждениях»
- Атауы (қаз.)
- «Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-02-01/94 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 124
- Қабылданған күні
- 17.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 17.06.2024 197942_706858.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034538
- ЭКБ идентификаторы
- 197942
- Редакция идентификаторы
- 197942_706858
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:01
0 «Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-02-01/94 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы №25-02-01/94 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 65796 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру тәртібі»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Табиғат қорғау мекемесінің ғылыми қызметін жоспарлау Қазақстан Республикасы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» Занының 41-бабы 3-тармағының ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекітетін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тиісті негіздеме мен табиғат қорғау мекемесінің ҒТК шешімі болған жағдайда ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады.»;
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Ғылыми жұмыстар жүргізу тәртібі»;
Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;
Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
1 ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 17 маусымдағы
№ 124 Бұйрығына
1 - қосымша
Табиғат қорғау мекемелерінде
ғылыми қызмет және ғылыми
зерттеулер ұйымдастыру
және жүргізу қағидасына
1-қосымша
Нысан
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрлігінің
Ғылым комитеті
__________________________
20 жылғы « »
Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрлігінің
Орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі комитеті
төрағасының
20 жылғы « »
№__________ бұйрығымен бекітілген
20____20____жылдарға арналған___________________________________
(табиғат қорғау мекемесінің атауы)
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
№
Тақырып, бөлім
атауы
Орындау мерзімі
Ғылыми жетекшілер
Жауапты орындаушылар
Жұмыстың қысқаша
мазмұны
Күтілетін нәтижелер
1
2
3
4
5
6
7
_______________________________________________________________________
(табиғат қорғау мекемесінің атауы)
Ғылыми-техникалық кеңестің отырысында қаралды және мақұлданды
20 ____ жылғы «» _____________№_____ хаттама
Директор (Бас директор)
Ғылым жөніндегі директордың орынбасары (бас директордың орынбасары) ______________________________________________________
2 Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті __________________________________ (табиғат қорғау мекемесінің атауы) мемлекеттік мекемесі
Бұйрығына 2 - қосымша
Табиғат қорғау мекемелерінде
ғылыми қызмет және ғылыми
зерттеулер ұйымдастыру
және жүргізу қағидасына
5-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
__________________________________
(табиғат қорғау мекемесінің атауы)
мемлекеттік мекемесі
Ғылыми-техникалық кеңестің
отырысында мақұлданды
20 ___жылғы «___» _________ №
хаттама
ҒТК төрағасы
__________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы
ЕСЕП
_____________________________________________тақырыбы бойынша
1-бөлім. ________жылға _«____________________________________________»
(бөлімнің атауы)
Жетекші, ғылыми дәрежесі, лауазымы: ___________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
Орындаушы, ғылыми дәрежесі, лауазымы: ________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, қолы)