Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 марта 2012 года № 25-03-02/95 «Об утверждении охотничьего минимума»

Бұйрық · № 18-03/403 · қабылданған 30.04.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2012-no-25-03-0295-ekb-90790/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 марта 2012 года № 25-03-02/95 «Об утверждении охотничьего минимума» Қолданыста Бұйрық ·№ 18-03/403 ·30.04.2015
30.04.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 марта 2012 года № 25-03-02/95 «Об утверждении охотничьего минимума»

Қолданыста Бұйрық ·№ 18-03/403 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 марта 2012 года № 25-03-02/95 «Об утверждении охотничьего минимума»
Атауы (қаз.)
«Аңшылық минимумын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18-03/403
Қабылданған күні
30.04.2015
Көрсетілген редакция
30.04.2015 90790_40580.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500011313
ЭКБ идентификаторы
90790
Редакция идентификаторы
90790_40580
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:12

0 «Аңшылық минимумын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Аңшылық минимумын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 7545 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген аңшылық минимумы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 18-03/403 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 25-03-02/95
бұйрығымен бекітілген
Аңшылық минимумы
Р/с №
Тақырып атауы
Сабақтар сағатының саны
1
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы.
«Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 11091 болып тіркелген).
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 18-04/675 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 10169 болып тіркелген).
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы
10 желтоқсандағы Кодексінің 499 бабы.
«Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы
16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 10494 болып тіркелген).
«Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 Қаулысы.
«Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 10929 болып тіркелген).
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы
5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексіне және 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес жауаптылық.
12
2
Қауіпсіздік техникасы:
аң аулауды жүзеге асыру кезінде;
аң аулау құралдарын қолдану кезінде;
зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету.
4
Барлығы сағат
16

Қолданыстағы