О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 марта 2012 года № 25-03-02/96 «Об утверждении образцов аншлагов границ охотничьих хозяйств, воспроизводственных участков и зон покоя, рыбохозяйственных водоемов и (или) участков, а также запретные для охоты и рыболовства сроки и места, форму журнала учета лова рыбных ресурсов и других водных животных (промысловый журнал)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 марта 2012 года № 25-03-02/96 «Об утверждении образцов аншлагов границ охотничьих хозяйств, воспроизводственных участков и зон покоя, рыбохозяйственных водоемов и (или) участков, а также запретные для охоты и рыболовства сроки и места, форму журнала учета лова рыбных ресурсов и других водных животных (промысловый журнал)»
- Атауы (қаз.)
- «Аншлагтарының үлгілерін және аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/96 бұйрығына өзгерістер енгізу
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 18-03/692
- Қабылданған күні
- 24.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 24.07.2015 93362_35028.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011942
- ЭКБ идентификаторы
- 93362
- Редакция идентификаторы
- 93362_35028
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:57
0
«Аншлагтарының үлгілерін және аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 25-03-02/96 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
«Аншлагтарының үлгілерін және аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 7573 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы»;
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Аңшылық шаруашылықтарының, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының шекараларын, сондай-ақ аң аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарын көрсететін аншлагтардың үлгілері;»
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтарының, балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған мерзімдер мен орындарын көрсететін аншлагтардың үлгілері;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналында (кәсіпшілік журнал):
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Балық шаруашылығы комитеті» деген сөздері алынып тасталсын.