Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Железинского районного маслихата от 13 апреля 2012 года № 25-5/3 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан в Железинском районе"

Өзге акт · № 35-5/5 · қабылданған 22.06.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2012-no-25-53/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Железинского районного маслихата от 13 апреля 2012 года № 25-5/3 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан в Железинском районе" Күшін жойған Өзге акт ·№ 35-5/5 ·22.06.2012
05.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Железинского районного маслихата от 13 апреля 2012 года № 25-5/3 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан в Железинском районе"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 35-5/5 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Железинского районного маслихата от 13 апреля 2012 года № 25-5/3 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям граждан в Железинском районе"
Атауы (қаз.)
Железинка аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 25-5/3 "Железинка ауданында азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
35-5/5
Қабылданған күні
22.06.2012
Көрсетілген редакция
05.02.2013 66635_191420.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12PF000149
ЭКБ идентификаторы
66635
Редакция идентификаторы
66635_191420
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:58

0 Железинка аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 25-5/3 "Железинка ауданында азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатусышылары мен мүгедектеріне және соларға теңістірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабы 2 тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Железинка аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Железинка аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 25-5/3 "Железинка ауданында азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-6-143 тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырдағы ауданның "Родные просторы" газетінің № 19, 2012 жылғы 12 мамырдағы ауданның "Туған өлке" газетінің № 19 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбында "санаттарына" деген сөзден кейін "2012 жылға" деген сөз және цифрлармен толықтырылсын;
1-тармақ келесі мазмұндағы 25), 26) тармақшаларымен толықтырылсын:
"25) ағымдағы жылы жоғары медициналық оқу мекемелерін бітірген мамандар;
26) аудан әкімі мен жоғары оқу орнымен білім беру қызметтерін көрсетуге және төлемге үш жақты шарт жасасқан Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу мекемелерінің студенттері.";
3-тармақ келесі мазмұндағы 11), 12) тармақшалармен толықтырылсын:
"11) 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін бір жолғы әлеуметтік көмек 67000 (алпыс жеті мың) теңге көлемінде;
12) 1-тармақтың 25) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жайластыруға бір мамандарға бір жолғы әлеуметтік көмек 400000 (төрт жүз мың) теңге көлемінде салық төлеушінің тіркеу нөмірі, "Казпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі не екінші деңгейдегі банктердегі жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, "Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен берілген жолдама, азаматтарды тіркеу кітабы, әлеуметтік жеке коды, еңбек шарты, білім туралы дипломының көшірмелері негізінде ұсынылады.";
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Кірісін есептемегенде әр айлық көмегі:
1) 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде дәрі алу үшін материалдық көмек;
2) 1-тармақтың 26) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін медициналық жоғары оқу орнында оқығаны үшін ай сайынғы салық төлеушінің тіркеу нөмірі, "Казпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі ашық банкінің жеке есеп шотының нөмірі, СТН, көрсетілген өтініш, жеке бас куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелерінін, аудан әкімімен жоғары оқу орнымен білім беру қызметтерін көрсету және төлемге үш жақты шарт жасасқан негізінде ұсынылады.".

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік экономикалық даму және бюджеттік тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы