Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Байдибекского районного маслихата от 13 ноября 2012 года № 7/35 "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Байдибекскому району"

Өзге акт · № 20/102 · қабылданған 23.12.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2012-no-735/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Байдибекского районного маслихата от 13 ноября 2012 года № 7/35 "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Байдибекскому району" Қолданыста Өзге акт ·№ 20/102 ·23.12.2013
23.12.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Байдибекского районного маслихата от 13 ноября 2012 года № 7/35 "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Байдибекскому району"

Қолданыста Өзге акт ·№ 20/102 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Байдибекского районного маслихата от 13 ноября 2012 года № 7/35 "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Байдибекскому району"
Атауы (қаз.)
Бәйдібек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 қарашадағы № 7/35 "Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
20/102
Қабылданған күні
23.12.2013
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2014
Көрсетілген редакция
23.12.2013 76181_135353.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13UE002462
ЭКБ идентификаторы
76181
Редакция идентификаторы
76181_135353
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:24

0 Бәйдібек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 қарашадағы № 7/35 "Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 2 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Бәйдібек аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 13 қарашадағы № 7/35 «Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2161 тіркелген, 2012 жылғы 21 желтоқсандағы «Алғабас» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Бәйдібек ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй – жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй – жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй – жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.»;
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының (азаматтың) табысын растайтын құжаттар;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.»;
16 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«16. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
17 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«17. Коммуналдық қызметтерді тұтынғаны және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға ақы төлеуге, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының ұлғаюы бөлігіндегі байланыс қызметіне шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (адамның) жиынтық кірісінің 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді.».

2 2. Осы шешім 2014 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы