Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 13 апреля 2012 года № 89 "Об утверждении Инструкции по согласованию форм, предназначенных для сбора административных данных"

Бұйрық · № 87 · қабылданған 01.04.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2012-no-89/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 13 апреля 2012 года № 89 "Об утверждении Инструкции по согласованию форм, предназначенных для сбора административных данных" Күшін жойған Бұйрық ·№ 87 ·01.04.2013
17.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 13 апреля 2012 года № 89 "Об утверждении Инструкции по согласованию форм, предназначенных для сбора административных данных"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 87 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 13 апреля 2012 года № 89 "Об утверждении Инструкции по согласованию форм, предназначенных для сбора административных данных"
Атауы (қаз.)
"Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
87
Қабылданған күні
01.04.2013
Көрсетілген редакция
17.05.2016 AI72249_2.kaz
Соңғы өзгеріс
17.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008426
ЭКБ идентификаторы
72249
Редакция идентификаторы
AI72249_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:21

0 "Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды келісу рәсімдерін жетілдіру мақсатында, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 89 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылғы 16 мамырдағы № 7658 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымдағы № 339-345 (27419) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды келісу жөніндегі нұсқаулықта:
5–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әкімшілік дереккөздер әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы актінің жобасын уәкілетті органға келісуге жолдау кезінде мыналарды қамтамасыз етсін:
1) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандардың титулдық бетінің мазмұнын осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес;
2) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсінікті;
3) Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандардың қолданылуын.".
8–тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Статистикалық ақпаратты түзу үшін әкімшілік деректерді пайдалануда уәкілетті органның салалық департаменттері уәкілетті департаментке қажетті әкімшілік деректердің тізбесін ұсынады.".
11-тармақтың екінші бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:
"Жобада осы нұсқаулықтың 5, 9, 10-тармақтарына сәйкес келмейтін шарттар анықталған жағдайда уәкілетті департамент әкімшілік дереккөзге Жобаны келісуден бас тартатындығы туралы жазбаша негіздеме дайындайды.".
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды келісу жөніндегі нұсқаулықтың қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Заң департаменті (С.С. Жасұзақов) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы Н.С. Айдапкеловке жүктелсін.

4 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға титулдық бетінің мазмұны

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"Әкім­ші­лік де­ректер­ді жи­на­у­ға ар­нал­ған
ны­сан­дар­ды ке­лі­су жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­ты
бе­кі­ту ту­ра­лы"
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Ста­ти­сти­ка агент­ті­гі тө­ра­ға­сы­ның
2012 жы­л­ғы 13 сәу­ір­де­гі
№ 89 бұй­ры­ғы­на өзге­рі­стер
ен­гі­зу ту­ра­лы" 2013 жы­л­ғы 1 сәу­ір­де­гі
№ 87 бұй­рық­қа қо­сым­ша
Әкім­ші­лік де­ректер­ді жи­на­у­ға ар­нал­ған
ны­сан­дар­ды ке­лі­су жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­қа
қо­сым­ша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға титулдық бетінің мазмұны
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан мыналар көрсетілген титулдық беттен тұруы тиіс:
нысан бекітілген бұйрықтың күні мен нөмірі;
нысан кімге ұсынылады;
ақпаратты ұсыну кезеңділігі;
ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы;
нысан атауы;
нысанның индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі);
нысанды ұсыну мерзімі;
есептік кезең;
Нысанның жауапты лауазымды тұлғамен қол қойылып, мөрмен бекітілуі тиіс үлгілік мекенжайлық бөлігі.

Қолданыстағы