О внесении изменении и дополнения в постановление акимата города Атырау от 13 июня 2012 года №950 «Об установлении единого тарифа на регулярные городские автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Атырау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении и дополнения в постановление акимата города Атырау от 13 июня 2012 года №950 «Об установлении единого тарифа на регулярные городские автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Атырау»
- Атауы (қаз.)
- Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы №950 «Атырау қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2103
- Қабылданған күні
- 27.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2015 96439_36090.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15TA003369
- ЭКБ идентификаторы
- 96439
- Редакция идентификаторы
- 96439_36090
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:24
0 Атырау қалалық әкімдігінің
2012 жылғы 13 маусымдағы №950
«Атырау қаласындағы жолаушылар
мен багажды автомобильмен тұрақты
қалалық тасымалдаудың бірыңғай
тарифін белгілеу туралы» қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына сәйкес, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Атырау қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы №950 «Атырау қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы» қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4-1-164 болып тіркелген, 2012 жылы 19 маусымда облыстық «Атырау» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 1) Қаулының 1-тармағындағы «18», «22», «52-А» және «60» сандары алынып тасталсын;
«50 (елу)» деген сан мен сөз «80 (сексен)» деген санмен және сөзбен, «10 (он)» деген сан мен сөз «20 (жиырма)» деген санмен және сөзбен өзгертілсін;
2 2) Қаулының 1-тармағының 2-абзацы «58» деген санмен толықтырылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға таралады.
КЕЛІСІЛДІ:
Атырау қалалық Мәслихатының
хатшысы (келісім бойынша) Б.Қазиманов
«24» қараша 2015 жыл