О внесении изменение в постановление акимата Тупкараганского района от 13 мая 2013 года № 112 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Тупкараганском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменение в постановление акимата Тупкараганского района от 13 мая 2013 года № 112 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Тупкараганском районе"
- Атауы (қаз.)
- Түпқараған ауданы әкімдігінің "Түпқараған ауданында қылмыстық- атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2013 жылғы 13 мамырдағы № 112 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 281
- Қабылданған күні
- 27.10.2014
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2016 84758_290313.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14MF002535
- ЭКБ идентификаторы
- 84758
- Редакция идентификаторы
- 84758_290313
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:12
0
Түпқараған ауданы әкімдігінің "Түпқараған ауданында қылмыстық- атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2013 жылғы 13 мамырдағы № 112 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі № 124-V Қазақстан Республикасы Заңдарына және Маңғыстау облысы әділет департаментінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 02-11-758 «Заң бұзуды жою туралы» Ұсынысы, сондай-ақ Түпқараған ауданы прокуратурасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 2-110714-00703 наразылығы негізінде, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Түпқараған ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2013 жылғы 13 мамырдағы № 112 Түпқараған ауданы әкімдігінің қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2249 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 ақпандағы № 07 /633-634/) «Ақкетік арайы» газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14-1) және 14-3)тармақшаларына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6)тармақшаларына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2
2. «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М. Дощанов) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.