О внесении изменений в постановление акимата города Караганды от 13 декабря 2013 года № 59/02 «Об установлении тарифов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и пригородном сообщениях»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Караганды от 13 декабря 2013 года № 59/02 «Об установлении тарифов на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и пригородном сообщениях»
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 59/02 «Қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильдік тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 19/01
- Қабылданған күні
- 19.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 19.04.2024 195936_696237.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24KA01901A
- ЭКБ идентификаторы
- 195936
- Редакция идентификаторы
- 195936_696237
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:54
0 Қарағанды қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы №59/02 «Қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильдік тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильдік тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 13 желтоқсандағы №59/02 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2461 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Қарағанды қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты қалалық автомобильдік тасымалдау тарифі 100 теңге болып белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«2. Қарағанды қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты қала маңындағы автомобильдік тасымалдау тарифі 100 теңге болып белгіленсін.»
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қарағанды қалалық
Мәслихаты