О внесении изменений и дополнений в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 13 марта 2013 года № 71 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 13 марта 2013 года № 71 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 199
- Қабылданған күні
- 17.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2014 AI81914_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14N0009685
- ЭКБ идентификаторы
- 81914
- Редакция идентификаторы
- AI81914_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:05
0 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 мамырдағы № 129 (28068) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
06 «Өзге де салықтық емес түсiмдер» сыныбында:
1 «Өзге де салықтық емес түсiмдер» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 14-ерекшелікпен толықтырылсын:
«14 Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар»:
101 «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 009 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«009 Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету»;
120 «Облыс әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 013 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«013 Облыс Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету»;
121 «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 013 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«013 Республикалық маңызы бар қала, астана Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету»;
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
718 «Облыстың мемлекеттік сатып алу басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік сатып алуды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында:
9 «Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
253 «Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
034 «Денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік білім беру ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
353 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:
3 «Мамандандырылған медициналық көмек» функционалдық кіші тобында:
253 «Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
027 «Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«027 Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа медициналық иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу және сақтау»;
353 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
027 «Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«027 Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа медициналық иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырылған сатып алу және сақтау»;
07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
262 «Облыстың мәдениет басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
016 «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу» бюджеттік бағдарламаның атауына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.