Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2014 года № 1196 "Об утверждении Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам"

Қаулы · № 472 · қабылданған 23.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2014-no-1196-ekb-91089/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2014 года № 1196 "Об утверждении Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам" Күшін жойған Қаулы ·№ 472 ·23.06.2015
01.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2014 года № 1196 "Об утверждении Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам"

Күшін жойған Қаулы ·№ 472 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2014 года № 1196 "Об утверждении Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам"
Атауы (қаз.)
"Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
472
Қабылданған күні
23.06.2015
Көрсетілген редакция
01.09.2023 91089_653675.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000472
ЭКБ идентификаторы
91089
Редакция идентификаторы
91089_653675
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:27

0 «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер

тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 69-70, 636-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларында:

«2. Жүргізушілердің жалпы міндеттері» деген бөлімде:
1-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталсын;
4-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлік құралдарын қоспағанда, ақауы бар көлік құралын, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралын басқаруға;»;
6) тармақша алып тасталсын;
«12. Аялдау және тоқтап тұру» деген бөлімнің 5-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
«21. Жүргізіп үйрену» деген бөлімнің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Үйретушiнiң өзiмен бiрге тиісті біліктілік куәлігі, ол үйретуді жүргізетін сол санаттағы көлiк құралын басқару құқығына жүргізуші куәлiгi, ал үйренушiнiң – жеке басын куәландыратын құжаты және көлiк құралын басқаруға қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы болады.»;
«22. Жолаушыларды тасымалдау» деген бөлімнің 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жүргiзушi жолаушыларды отырғызуды және түсiрудi осы Қағидалардың 12-бөлімінде белгіленген көлік құралдарын тоқтатуға тыйым салынбаған жерлерде көлiк құралы толық тоқтағаннан кейiн ғана жүзеге асыруға, ал жүруді есiктер жабылғанда бастауға және оларды толық тоқтағанға дейiн ашпауға мiндеттi.
Маршруттық көлік құралының жүргізушісі жолаушыларды отырғызуды және түсiрудi белгіленген аялдама пункттерінде ғана жүзеге асырады.»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерде:

5-тармақтың бірінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
14-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлік құралдарын қоспағанда, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген;»;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесінде:

мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар департаменті.»;
ескертпенің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік күзет қызметiнiң, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, ішкi iстер органдарының жедел қызметтерiнiң, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар департаментінің көлік құралдарында арнайы түстi-графикалық бояулар, таным белгiлерi мен жазулары болмауы да мүмкiн.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы