О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 13 июня 2014 года № 215 «Об утверждении Правил изготовления, хранения и применения поверительных клейм»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 13 июня 2014 года № 215 «Об утверждении Правил изготовления, хранения и применения поверительных клейм»
- Атауы (қаз.)
- «Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 215 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 910
- Қабылданған күні
- 25.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2018 128040_383439.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800018039
- ЭКБ идентификаторы
- 128040
- Редакция идентификаторы
- 128040_383439
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:47
0 «Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және
қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 маусымдағы
№ 215 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9582 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану Қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының
12) тармақшасына сәйкес әзірленді және салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану тәртібін белгілейді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.