Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 13 марта 2014 года № 46 «Об утверждении положения государственного учреждения «Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Мангистауской области»

Қаулы · № 142 · қабылданған 08.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2014-no-46/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 13 марта 2014 года № 46 «Об утверждении положения государственного учреждения «Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Мангистауской области» Күшін жойған Қаулы ·№ 142 ·08.05.2015
15.03.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 13 марта 2014 года № 46 «Об утверждении положения государственного учреждения «Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Мангистауской области»

Күшін жойған Қаулы ·№ 142 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 13 марта 2014 года № 46 «Об утверждении положения государственного учреждения «Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Мангистауской области»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 46 «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeciнің ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
142
Қабылданған күні
08.05.2015
Көрсетілген редакция
15.03.2019 90030_393493.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15M0002730
ЭКБ идентификаторы
90030
Редакция идентификаторы
90030_393493
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:07

0 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2014 жылғы 13 наурыздағы № 46
«Маңғыстау облысының
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасы»
мемлекеттiк мeкeмeciнің ережесін
бекіту туралы» қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 46 «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeciнің ережесін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2370 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeciнің ережесінде:
15-тармақтың 37), 38) тармақшалары алынып тасталсын;
15-тармақтың 41) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«41) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 41-1), 41-2), 41-3) 41-4), 41-5), 41-6), 41-7), 41-8), 41-9), 41-10), 41-11), 41-12), 41-13), 41-14), 41-15), 41-16), 41-17), 41-18) тармақшалармен толықтырылсын:
«41-1) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
41-2) жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қаларалық) қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
41-3) метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бекіту үшін әзірлейді;
41-4) метрополитеннің қауiптiлігі жоғары аймағында болу және онда жұмыстар жүргiзу қағидаларын бекіту үшін әзірлейді;
41-5) метрополитенмен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын әзірлейді;
41-6) әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялайды;
41-7) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту үшін әзірлейді;
41-8) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту үшін әзірлейді;
41-9) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту үшін әзірлейді;
41-10) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстерінің атауларын бекіту үшін әзірлейді;
41-11) облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда, елдi мекендердiң көшелерiнде жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгiзу және күтiп-ұстау жөнiндегi барлық жұмыс түрлерінің орындалуын және оларды бақылауды қамтамасыз етеді;
41-12) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
41-13) жол-көлік оқиғаларынан болған ысыраптың және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының, сондай-ақ жолдардағы авариялылық деңгейін азайту үшін қолданылатын шаралар
тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;
41-14) жолдарда жол жүрісін қалпына келтіру үшін жол-көлік
оқиғаларының зардаптарын жояды;
41-15) өздiгiнен жүзетін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiктерді береді;
41-16) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды жүргізеді;
41-17) жағалау объектілерін жобалауды, орналастыруды, салуды және пайдалануды келіседі;
41-18) теңіз портының акваториясын қоса алғанда, теңіз портының шекарасын айқындау мәселелері жөнінде тиісті ұсыныстар енгізеді.».

2 2. Қоса беріліп отырған «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeci туралы Ережеге қосымша бекітілсін.

3 3. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ө.С. Бисақаев):

осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;
Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші

орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ө.С. Бисақаев
08 мамыр 2015 жыл

6 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы 08 мамыр
№ 142 қаулысымен бекітілген
«Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeci туралы Ережесіне енгізілген
өзгерістер мен толықтырулар
15-тармақтың 37), 38) тармақшалары алынып тасталсын;
15-тармақтың 41) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«41) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 41-1), 41-2), 41-3) 41-4), 41-5), 41-6), 41-7), 41-8), 41-9), 41-10), 41-11), 41-12), 41-13), 41-14), 41-15), 41-16), 41-17), 41-18), 41-19) тармақшалармен толықтырылсын:
41-1) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
41-2) жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қаларалық) қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
41-3) метрополитенмен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бекіту үшін әзірлейді;
41-4) метрополитеннің қауiптiлігі жоғары аймағында болу және онда жұмыстар жүргiзу қағидаларын бекіту үшін әзірлейді;
41-5) метрополитенмен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын әзірлейді;
41-6) әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялайды;
41-7) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту үшін әзірлейді;
41-8) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту үшін әзірлейді;
41-9) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту үшін әзірлейді;
41-10) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ
пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстерінің атауларын бекіту үшін әзірлейді;
41-11) облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда, елдi мекендердiң көшелерiнде жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгiзу және күтiп-ұстау жөнiндегi барлық жұмыс түрлерінің орындалуын және оларды бақылауды қамтамасыз етеді;
41-12) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
41-13) жол-көлік оқиғаларынан болған ысыраптың және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының, сондай-ақ жолдардағы авариялылық деңгейін азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;
41-14) жолдарда жол жүрісін қалпына келтіру үшін жол-көлік оқиғаларының зардаптарын жояды;
41-15) өздiгiнен жүзетін шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiктерді береді;
41-16) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алуды жүргізеді;
41-17) жағалау объектілерін жобалауды, орналастыруды, салуды және пайдалануды келіседі;
41-18) теңіз портының акваториясын қоса алғанда, теңіз портының шекарасын айқындау мәселелері жөнінде тиісті ұсыныстар енгізеді.».
_______________________________

Қолданыстағы