О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 мая 2014 года № 488 "Об утверждении Правил возмещения ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных республиканскому государственному специализированному предприятию "Карагандаликвидшахт"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 мая 2014 года № 488 "Об утверждении Правил возмещения ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных республиканскому государственному специализированному предприятию "Карагандаликвидшахт"
- Атауы (қаз.)
- "Қарағандышахтатарату" pecпубликалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1042
- Қабылданған күні
- 23.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2017 97092_179632.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500001042
- ЭКБ идентификаторы
- 97092
- Редакция идентификаторы
- 97092_179632
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:46
0 «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы
13 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы № 488 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 33, 313-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берілген, таратылған шахталар қызметкерлеріне келтірілген залалды өтеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Таратылған шахталар қызметкерлеріне «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорны төлейтін залалды (зиянды) өтеу сомалары осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген лауазымдар мен кәсіптер, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қызмет түріне қарамастан Қарағанды облысының аумағында орналасқан, жерасты тәсілімен тас көмірді өндірумен айналысатын ұйымдар бойынша инфляцияның болжамды деңгейінің орташа мәніне пропорционалды түрде жыл сайын ұлғайтылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі тиісті жылға бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес ай сайын 7-күніне дейін «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорны қаржыландыруды жүзеге асырады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорны бөлінген қаражат бойынша ай сайын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне келесі айдың 20-күніне дейін өткен айдың есебін ұсынады.».