«О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 августа 2014 года № 508 «Об утверждении Правил проведения воспитательной работы с осужденными к лишению свободы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О внесении изменения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 августа 2014 года № 508 «Об утверждении Правил проведения воспитательной работы с осужденными к лишению свободы»
- Атауы (қаз.)
- «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 141
- Қабылданған күні
- 21.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2020 139870_447185.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020077
- ЭКБ идентификаторы
- 139870
- Редакция идентификаторы
- 139870_447185
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:56
0 «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9729 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 8 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларында:
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Сотталғандарға тәртіптік жазалаулар ҚАК-тің 133-бабында көзделген тәртіпте мекеме бастығының немесе оның міндетін атқарушы адамның не оның орынбасарының қаулысымен осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысанда қолданылады.
Бұзушылық фактісі бойынша сотталғанмен ЖТЖ күнделігіне тіркеумен тәрбиелік сипаттағы әңгіме жүргізіледі, қажеттілігіне қарай психологиялық көмек, психотүзету іс-шаралар өткізіледі.
Егер тәртіптік жазалау басқа мекемелер арқылы транзитпен жүруі (бұдан әрі – транзиттік мекеме) кезінде салынған жағдайда транзиттік мекеме әкімшілігі тәртіптік жазалауға тарту туралы қаулы бар материалдарды сотталғанның жеке ісіне қоса береді.
ТИ-ға жабу транзиттік мекемеде орындалады, транзиттік мекемедегі ТИ-ға жабу орындалмаған жағдайда не толығымен орындалмаса, осы жазалау мекемеге келген күні, соның ішінде тиісті іс-шараларды өткізумен карантинде болған күндерді есепке алумен орындалады.
Сотталған жіберілген мекемеге келген күні, оның әкімшілігі жеке ісіне қоса берілген, тәртіптік жазалауларға тарту туралы материалдардың негізінде тиісті мінез-құлық дәрежесін бере отырып, Қылмыстық-атқару жүйесінің орталықтандырылған автоматтандырылған деректер қорына тиісті мәліметтерді енгізеді.
Мекеме әкімшілігі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей прокурорға сотталғанға қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы қаулының көшірмесін жолдайды.».