Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 августа 2014 года № 508 «Об утверждении Правил проведения воспитательной работы с осужденными к лишению свободы»

Бұйрық · № 512 · қабылданған 26.06.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2014-no-508-ekb-183350/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 августа 2014 года № 508 «Об утверждении Правил проведения воспитательной работы с осужденными к лишению свободы» Қолданыста Бұйрық ·№ 512 ·26.06.2023
26.06.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 августа 2014 года № 508 «Об утверждении Правил проведения воспитательной работы с осужденными к лишению свободы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 512 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 августа 2014 года № 508 «Об утверждении Правил проведения воспитательной работы с осужденными к лишению свободы»
Атауы (қаз.)
«Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
512
Қабылданған күні
26.06.2023
Көрсетілген редакция
26.06.2023 183350_642132.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032913
ЭКБ идентификаторы
183350
Редакция идентификаторы
183350_642132
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 18:14

0 «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына

толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 508 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 11 қыркүйекте № 9729 тіркелді) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидалары:
мынадай мазмұндағы 12-тараумен толықтырылсын:
«12-тарау. Бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталғандарға күтім жасау үшін сотталғандардың кандидатураларын келісу және олардың қызметін бақылау.»;
мынадай мазмұндағы 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91 және 92-тармақтармен толықтырылсын:
«84. Бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталған егер оған күтім жасау қажет болған жағдайда осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекеме бастығының атына оған күтімді жасау үшін сотталғандар қатарынан кандидатураны келісуге өтінім жазады.
85. Бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталғандарға күтім жасайтын адамдар ретінде:
- оң мінез-құлық дәрежесі бар;
- жазаны өтеудің жеңілдетілген жағдайларында ұсталатын;
- бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталғандарға күтім жасауды жүзеге асыру үшін Әлеуметтік кодекстің 172-бабы 3-тармағы 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ;
- бірінші топтағы мүгедектігі бар адаммен мекеменің бір жасағында тұратын сотталғандар тартылады.
86. Бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталған адамға күтім жасайтын адам ретінде сотталған адамның кандидатурасы мекеме бастығымен бекітілген комиссияның отырысында жазбаша өтінім түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде айқындалады.
Жасақ бастығы мекеме комиссиясының отырысы басталғанға дейін кандидаттарға қатысты мінездеме, көтермелеу және жазалау туралы анықтама дайындайды, сондай-ақ мынадай материалдарды:
- психологиялық мінездемені;
- мекеме аумағында орналасқан медициналық ұйымнан денсаулық жағдайы туралы анықтаманы жинайды;
Мекеме комиссиясы мүшелерінің пікірлерін ескере отырып, мекеме бастығы түпкілікті шешім қабылдайды.
87. Күтімді жасайтын адам ретінде кандидатура айқындалғаннан кейін бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталған адам Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 172-бабы 4-тармағының төртінші абзацына сәйкес уәкілетті орган бекіткен мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттк жәрдемақыны бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдеамқыны тағайындау және төлеу қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш) жазады, ол мекеме әкімшілігі қол қойылған күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) ұсынылады.
88. Мекемелерде сотталған адам бірінші топтағы мүгедектігі бар бір сотталған адамға ғана күтімді жүзеге асыра алады.
89. Бірінші топтағы мүгедектігі бар және/немесе оған күтім жасайтын сотталған мекемеден:
- стационарлық жағдайларда және пациенттің өміріне қауіп төнген кезде шұғыл жағдайларда жоспарлы мамандандырылған медициналық көмек алу үшін медициналық ұйымдарға;
- прокурор санкциялаған қылмыстық қудалау органдарының қаулысы негізінде тергеу амалдарына қатысу үшін тергеу изоляторына
шығарылған кезде мекеме әкімшілігі жоғарыда аталған адамдардың бірі мекемеден шыққан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес мекемеге келгенге дейін күтімді жасайтын адамға жәрдемақыны тоқтата тұру туралы ақпараттық жүйе арқылы немесе қағаз жүзінде Мемлекеттік корпорацияны хабардар етеді.
Күтімді жасайтын сотталған адам кеткен кезеңде мекеме әкімшілігі бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталған адамға күтім жасауды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдайды.
Жоғарыда аталған адамдар өздері шыққан мекемеге қайтып оралған кезде мекеме әкімшілігі осы Қағидаларға 27-қосымша сәйкес нысан бойынша бір жұмыс күн ішінде ақпараттық жүйе арқылы немесе қағаз жүзінде Мемлекеттік корпорацияны мекемеге келгені туралы хабардар етеді.
90. Бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталған адамның немесе оған күтім жасайтын сотталған адамның жазасын өтеу мерзімі өткен не өзге де негіздер бойынша босату кезінде мекеме әкімшілігі осы күн басталғанға дейін он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік корпорацияны ақпараттық жүйе арқылы немесе қағаз жүзінде хабардар етеді.
91. Күтімді жасайтын асыратын сотталған адамды ауыстыру мекеме әкімшілігінің келісімі бойынша бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталған адамның өтініші негізінде, осы Қағидалардың 84, 85, 86 және 87-тармақтарына сәйкес оларды бастапқы іріктеу кезіндей тәртіпте жүзеге асырылады.
92. Мекеме әкімшілігі сапалы күтім жасауды жүзеге асыру мақсатында бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталған адамға күтім жасайтын сотталған адамның қызметіне әңгімелесу, тексеру, бейнебақылау камераларының мониторингі арқылы бақылау жүргізеді.»;
осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 26, 27 және 28-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 ӨТІНІМ

«Бас бостандығынан айыруға
сотталғандармен тәрбие жұмысын
жүргізу қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 13 тамыздағы
№ 508 бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрнің
2023 жылғы 26 маусымдағы
№ 512 бұйрығына
1-қосымша
Бас бостандығынан айыруға
сотталғандармен тәрбие
жұмысын жүргізу қағидаларына
26-қосымша
Нысан
_____________ облысы бойынша
ҚАЖД №__ мекемесінің бастығы
_____________________________
(арнаулы атағы)
_____________________________
(Т.А.Ә., болған жағдайда)
1-топтағы мүгедектігі бар
сотталған
_____________________________
(Т.А.Ә., болған жағдайда)
ӨТІНІМ
Сізден мына сотталғандардың ішінен маған күтім жасайтын адамның кандидатурасын келісуіңізді сұраймын:
1.____________________________;
2.____________________________;
3.____________________________.
__________________________
(Т.А.Ә. сотталғанның қолы және күні)

2 ХАБАРЛАМА

«Бас бостандығынан айыруға
сотталғандармен тәрбие жұмысын
жүргізу қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 13 тамыздағы
№ 508 бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрнің
20__ жылғы «__» _______
№____ бұйрығына
2-қосымша
Бас бостандығынан айыруға
сотталғандармен тәрбие
жұмысын жүргізу қағидаларына
27-қосымша
Нысан
___________________ облысы
_________________________
(Мемлекеттік корпорация
бөліністерінің атауы)
ХАБАРЛАМА
Сізге, 20__ жылғы «___» бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталған __________________________________
күтім жасайтын сотталған (Т.А.Ә., болған жағдайда)
_____________________________________ ____________________________
(Т.А.Ә., болған жағдайда) (себебін көрсету)
байланысты №__ мекемесінен/мекемесіне шығарылғаны/қайтып оралғаны туралы хабарлаймыз.
_____________ облысы бойынша
ҚАЖД №__ мекемесінің бастығы
_________________________ _______ ____________________________
(арнаулы атағы) (қолы) (Т.А.Ә., болған жағдайда)

3 ХАБАРЛАМА

«Бас бостандығынан айыруға
сотталғандармен тәрбие жұмысын
жүргізу қағидасын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 13 тамыздағы
№ 508 бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрнің
20__ жылғы «__» _______
№____ бұйрығына
3 қосымша
Бас бостандығынан айыруға
сотталғандармен тәрбие
жұмысын жүргізу қағидаларына
28-қосымша
___________________ облысы
_________________________
(Мемлекеттік корпорация
бөліністерінің атауы)
ХАБАРЛАМА
Сізге, 20__ жылғы «___» бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталған _________________________________
күтім жасайтын сотталған (Т.А.Ә., болған жағдайда)
_____________________________________ ____________________________
(Т.А.Ә., болған жағдайда) (себебін көрсету)
байланысты №__ мекемесінен босатылатыны не босатылғаны туралы хабарлаймыз.
_____________ облысы бойынша
ҚАЖД №__ мекемесінің бастығы
_________________________ _______ ______________________
(арнаулы атағы) (қолы) (Т.А.Ә., болған жағдайда)

Қолданыстағы