О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 13 октября 2014 года № 57 «Об утверждении экологических нормативов и экологических требований по хозяйственной и иной деятельности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 13 октября 2014 года № 57 «Об утверждении экологических нормативов и экологических требований по хозяйственной и иной деятельности»
- Атауы (қаз.)
- «Шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қазандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 201
- Қабылданған күні
- 14.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 14.06.2017 113558_205003.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700015337
- ЭКБ идентификаторы
- 113558
- Редакция идентификаторы
- 113558_205003
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:47
0 «Шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы
13 қазандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қазандағы
№ 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9805 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде
2014 жылғы 6 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды жерасты көмуге байланысты шаруашылық және өзге қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарда:
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың кезеңділігі мен оны жүргізу тәртібі Кодекстің 37, 38 баптарында және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-Ө бұйрығымен бекітілген Қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулықта (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4825 болып тіркелген) келтірілген. ».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтар басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жіберуді;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5 5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың
2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне беруді қамтамасыз етсін.