Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 13 ноября 2014 года № 8226 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел физической культуры и спорта города Усть-Каменогорска»

Қаулы · № 13608 · қабылданған 09.11.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2014-no-8226/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 13 ноября 2014 года № 8226 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел физической культуры и спорта города Усть-Каменогорска» Күшін жойған Қаулы ·№ 13608 ·09.11.2015
24.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 13 ноября 2014 года № 8226 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел физической культуры и спорта города Усть-Каменогорска»

Күшін жойған Қаулы ·№ 13608 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 13 ноября 2014 года № 8226 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел физической культуры и спорта города Усть-Каменогорска»
Атауы (қаз.)
Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 8226 «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13608
Қабылданған күні
09.11.2015
Көрсетілген редакция
24.05.2016 96320_182169.kaz
Соңғы өзгеріс
24.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15VA004258
ЭКБ идентификаторы
96320
Редакция идентификаторы
96320_182169
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:42

0 Өскемен қаласы әкімдігінің

2014 жылғы 13 қарашадағы
№ 8226 «Өскемен қаласының
дене шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы Ережені
бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 729, 804-баптарына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Өскемен қаласы әкімдігінің «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» 2014 жылғы 13 қарашадағы № 8226 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3596 тіркелген, 2015 жылы 8 қаңтарда «Өскемен», «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасау;»;
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;»;
19-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«19. «Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртпте кеңестер шақырады;
3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
4) барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін ұсынады;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
6) қолданыстағы заңнамамен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.».

2 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы