О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 ноября 2014 года № 86 «Об утверждении Правил определения порядка ведения мониторинга строящихся (намечаемых к строительству) объектов и комплексов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 ноября 2014 года № 86 «Об утверждении Правил определения порядка ведения мониторинга строящихся (намечаемых к строительству) объектов и комплексов»
- Атауы (қаз.)
- «Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 362
- Қабылданған күні
- 04.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 04.06.2019 132593_410908.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018811
- ЭКБ идентификаторы
- 132593
- Редакция идентификаторы
- 132593_410908
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:39
0 «Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 13 қарашадағы № 86 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
13 қарашадағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9981 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері;»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібі»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) әкімдіктері:
1) жерге тиісті құқық беру туралы берілген шешімдер және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы қабылданған хабарламалар негізінде салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы;
2) бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектінің тапсырыс берушісі ұсынған деректердің негізінде, сондай-ақ бақылау және қадағалау жүргізу қорытындылары бойынша алынған деректердің негізінде салынып жатқан объектілер мен кешендердің мониторингін жүзеге асырады.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингі бойынша ақпаратты ұсыну тәртібі»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың) әкімдіктері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айдың 5-күніне салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы ақпаратты;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес әр тоқсанның 5-күніне салынып жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпаратты жібереді.
Егер объектілер мен кешендер құрылысын одан әрі жоспарлау болмаған жағдайда, салынуы белгіленген объектілер мен кешендер туралы ақпарат осы тармақта көрсетілген мерзімдерде ұсынылмайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін www.miid.gov.kz ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етеді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;