О внесении изменений и дополнений в постановление районного акимата от 13 июня 2014 года №212 «Об организации в Индерском районе общественных работ»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление районного акимата от 13 июня 2014 года №212 «Об организации в Индерском районе общественных работ»
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 13 маусымдағы №212 «Индер ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13
- Қабылданған күні
- 11.01.2016
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2016 98085_289573.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16TF003452
- ЭКБ идентификаторы
- 98085
- Редакция идентификаторы
- 98085_289573
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:13
0 Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 13 маусымдағы №212 «Индер ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабын және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1
1. Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 13 маусымдағы №212 «Индер ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысының (әрі қарай-Қаулы) 1 қосымшасына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2945 болып тіркелген, аудандық «Дендер» газетінің 2014 жылғы 3 шілдедегі жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) Қаулының 1 қосымшасы «44,45,46,47» жолдарымен толықтырылсын;
2 2) 10-жолдағы «Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі» деген сөздер «Индер аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 3) 16-жолдағы «Индер аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі» деген сөздер «Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4 4) 17-жолдағы «Индер аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі» деген сөздер «Индер аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген создермен ауыстырылсын;
(ИС) ________
5 5) 38-жол алынып тасталсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Нұрлыбаевқа жүктелсiн.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және
автомобильдер жолдары бөлімінің
«Индер Су» шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорнының басшысы: Е.Бисенғалиев
«11» қаңтар 2016 жыл
9 Аудан әкімдігінің 2016 жылғы
«11» қаңтардағы №13 қаулысына
қосымша
Ұйымдардың тізбесі және қоғамдық жұмыстардың түрлері
№
Ұйымдардың тізбесі
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
44
Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің «Индер Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
Құрылыс және жол, су құбыры, газ, кәріз коммуникацияларын жөндеуге қатысу
45
«Индер ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Шабарман, электронды есептегіш машинасының операторы
46
«Индер аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Шабарман, электронды есептегіш машинасының операторы
47
«Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының Индер балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шабарман, электронды есептегіш машинасының операторы