О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 февраля 2015 года № 110 «Об утверждении разрешительных требований, предъявляемых к экспертным организациям»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 февраля 2015 года № 110 «Об утверждении разрешительных требований, предъявляемых к экспертным организациям»
- Атауы (қаз.)
- «Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 110 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 311
- Қабылданған күні
- 06.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 06.08.2025 213126_778731.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036589
- ЭКБ идентификаторы
- 213126
- Редакция идентификаторы
- 213126_778731
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:55
0 «Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы
13 ақпандағы № 110 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10496 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптама ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптарында:
2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) штатта мынадай талаптардың біреуіне сәйкес келетін кемінде үш маманның болуы:
өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша жоғары білімінің болуы;
басқа да жоғары білімінің және мемлекеттік және (немесе) кәсіби өртке қарсы қызметтерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды тікелей орындаумен кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы;».