Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 марта 2015 года № 133 "Об утверждении ставок акцизов на бензин (за исключением авиационного) и дизельное топливо"

Қаулы · № 557 · қабылданған 30.09.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2015-no-133-ekb-106478/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 марта 2015 года № 133 "Об утверждении ставок акцизов на бензин (за исключением авиационного) и дизельное топливо" Күшін жойған Қаулы ·№ 557 ·30.09.2016
06.04.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 марта 2015 года № 133 "Об утверждении ставок акцизов на бензин (за исключением авиационного) и дизельное топливо"

Күшін жойған Қаулы ·№ 557 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 марта 2015 года № 133 "Об утверждении ставок акцизов на бензин (за исключением авиационного) и дизельное топливо"
Атауы (қаз.)
"Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
557
Қабылданған күні
30.09.2016
Көрсетілген редакция
06.04.2018 106478_307015.kaz
Соңғы өзгеріс
06.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000557
ЭКБ идентификаторы
106478
Редакция идентификаторы
106478_307015
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:38

0 «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен

дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы
№ 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 76-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы 2016 жылғы 15 қазаннан бастап қолданысқа енгізiледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2016 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 557 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 13 наурыздағы
№ 133 қаулысымен
бекітілген
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынынаарналған акциз мөлшерлемелері
Р/с№
1 тоннаға акциз мөлшерлемелері (теңгемен)
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)(ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12411 0-2710 12590 0)
Дизель отыны(ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19310 0-2710 19 480 0)
1
2
3
4
1.
Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі
(сәуір – қазан)
10500
9300
2.
Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі
(қараша – наурыз)
10500
540
3.
Жеке және заңды тұлғалардың бензинді авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі
0
0
4.
Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы
(сәуір – қазан)
11000
9360
5.
Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы
(қараша – наурыз)
11000
600
6.
Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы
500
60
7.
Импорт
4500
540
8.
Осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (сәуір – қазан)
10500
9300
9.
Осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (қараша - наурыз)
10500
540
Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,730
М = --------------------, мұндағы:
1000
М — өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) тоннамен есептегендегі көлемі;
V — өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) литрмен есептегендегі көлемі;
0,730 — бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,769
М = -------------------, мұндағы:
1000
М — өткізілген дизель отынының тоннамен есептегендегі көлемі;
V — өткізілген дизель отынының литрмен есептегендегі көлемі;
0,769 — дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Ескертпе: тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.

Қолданыстағы