О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 марта 2015 года № 133 "Об утверждении ставок акцизов на бензин (за исключением авиационного) и дизельное топливо"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 13 марта 2015 года № 133 "Об утверждении ставок акцизов на бензин (за исключением авиационного) и дизельное топливо"
- Атауы (қаз.)
- "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 887
- Қабылданған күні
- 06.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2018 95394_307017.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000887
- ЭКБ идентификаторы
- 95394
- Редакция идентификаторы
- 95394_307017
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:43
0 «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен
дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы
№ 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 76-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.
Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі
10 500
540
»;
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
3.
Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы
11 000
600
»;
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6.
Осы Кодекстің 279-бабының
5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру
10 500
540
».