Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 13 мая 2015 года № 137/5 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере культуры и архивного дела»

Қаулы · № 138/3 · қабылданған 18.04.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2015-no-1375-ekb-121297/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 13 мая 2015 года № 137/5 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере культуры и архивного дела» Күшін жойған Қаулы ·№ 138/3 ·18.04.2018
21.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 13 мая 2015 года № 137/5 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере культуры и архивного дела»

Күшін жойған Қаулы ·№ 138/3 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Павлодарской области от 13 мая 2015 года № 137/5 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере культуры и архивного дела»
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы «Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 137/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
138/3
Қабылданған күні
18.04.2018
Көрсетілген редакция
21.08.2020 121297_477639.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18P0005966
ЭКБ идентификаторы
121297
Редакция идентификаторы
121297_477639
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:48

0 Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы 13 мамырдағы «Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту
туралы» № 137/5 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы «Мәдениет және архив ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 137/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4541 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде «Регион.kz» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Архивтік анықтамалар беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі–әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал актілері, құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 145 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10127 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын, басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтермен толықтыру, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларының 60-қосымшасына сәйкес нысандағы архивтік анықтама (бұдан әрі - архивтік анықтама) немесе олардың болмауы туралы жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз немесе электрондық түрде.
Порталда электрондық архивтік анықтама не сұратылған мәліметтердің болмауы туралы жауап беріледі.».

2 2. «Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы