О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 января 2015 года № 15 «Об утверждении Типовыхправил расчета норм потребления коммунальных услуг по электроснабжению и теплоснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 января 2015 года № 15 «Об утверждении Типовыхправил расчета норм потребления коммунальных услуг по электроснабжению и теплоснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета
- Атауы (қаз.)
- «Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 605
- Қабылданған күні
- 13.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2015 93935_47850.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012075
- ЭКБ идентификаторы
- 93935
- Редакция идентификаторы
- 93935_47850
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:42
0 «Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығына(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда № 10313 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларында:
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйдің әрбір санатына арналған есептік кезең үшін 1 шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну нормасы осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес формула бойынша есептеледі. Бұл ретте есептік кезең – бұл тұтынылғанжылу энергиясы ескеріліп, тұтынушыға төлеуге ұсынылатын жылумен жабдықтауға арналған шартпен белгіленетін уақыт кезеңі:
мұнда:
N₀ - 1 шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну нормасы;
∑Q₀ – есептеу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлерде бір есептік кезеңнің ішінде тұтынылатын жылу энергиясының жиынтық саны (Гкал/есептік кезең);
Sж – жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұрғын үй-жайлардың немесе жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жабдықталмаған жеке тұрғын үйлердегі үй-жайлардың жалпы пайдалы жиынтық алаңы;
n – есептік кезеңдегі айлар саны.
4. Көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылыту үшін қажетті жылу энергиясының саны (Гкал/есептік кезең) мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
Q₀ – жылу энергиясының саны (Гкал/есептік кезең);
qmax – көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған сағаттық жылу жүктемесі (ккал/сағ);
tішкі – көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйдің жылытатын тұрғын үй-жайларындағы ішкі ауа температурасы (⁰C);
tот – есептік кезең үшін сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы (⁰C);
tеж – жылытуды жобалау мақсатындағы сыртқы ауаның есептік температурасы (⁰C);
n₀ – есептік кезеңдегі ғимараттағы жылыту жүйесінің жұмыс істеу ұзақтығы (тәулік);
24 – бір тәуліктегі сағат саны.
Көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған сағаттық жылу жүктемесі (qmax), көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйдің жылытылатын тұрғын үй-жайларындағы ішкі ауа температурасы (tішкі), жылыту кезеңі үшін сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы (tот), жылытуды жобалау мақсатындағы сыртқы ауаның есептік температурасы (tеж), есептік кезеңнің ұзақтығы (n₀) жылыту кезеңінде жылу тұтыну нормаларын есептеген кезде ҚР ҚН 2.04-21-2004* «Азаматтық ғимараттардың энергия тұтынуы және жылулық қорғауы» талаптарына сәйкес айқындалады;
5. Жылу энергиясын есептеу (Гкал/сағат) аспаптарымен жабдықталмаған көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйлерді жылытуға арналған сағаттық жылу жүктемесі үйлердің жобалау деректерін немесе құжаттарын ескере отырып анықталады. Жобалау немесе құжаттық деректер болмаған жағдайда, сағаттық жылу жүктемесі мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
qүл – осы бұйрыққа 1-қосышаға сәйкес көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған жылу энергиясының нормаланған үлестік шығысы (сағатына 1 шаршы метрге вт);
S – көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйдегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың жалпы алаңы (шаршы метр)»;
6-тармақ алып тасталсын;
үлгі қағидаларға1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика инфрақұрылымын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2)осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Министр энергетики
Республики Казахстан
______________ В. Школьник
2015 жылғы 18 тамыз
8 Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика Министрінің
2015 жылғы 13 тамыздағы
№ 605 бұйрығына қосымша
Есептеу аспаптары жоқ
тұтынушылар үшін электрмен
жабдықтау және жылумен жабдықтау
бойынша коммуналдық қызметтерді
тұтыну нормаларын есептеудің үлгі
қағидаларына
1-қосымша
Жалпы ауданы 1 м² көп пәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға арналған жылу энергиясының нормаланған үлестік шығысының мәні, сағатына Вт
Салынған тұрғын үйдің қабаты, қабаттар
Ғимарат-тардың сипаттамасы
Сыртқы ауаның есептік температурасы, °С
минус 5
минус 10
минус 15
минус 20
минус 25
минус 30
минус 35
минус 40
минус 45
минус 50
минус 55
1985 жылға дейін салынған үйлер үшін
1 - 2
Энергия үнемдеу іс-шараларын есепке алмау және енгізусіз
148
154
160
205
213
230
234
237
242
255
271
3 - 4
95
102
109
117
126
134
144
150
160
169
179
5 және одан жоғары
65
70
77
79
86
88
98
102
109
115
122
1 - 2
Энергия үнемдеу іс-шарала-рының енгізілуін ескерумен
147
153
160
194
201
218
222
225
230
242
257
3 - 4
90
97
103
111
119
128
137
140
152
160
171
5 және одан жоғары
65
69
73
75
82
88
92
96
103
109
116
1985 жылдан кейін салынған үйлер үшін
1 - 2
1985-2004 ж.ж. үлгілік жобалар бойынша
145
152
159
166
173
177
180
187
194
200
208
3 - 4
74
80
86
91
97
101
103
109
116
123
130
5 және одан жоғары
65
67
70
73
81
87
87
95
100
102
108