О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 января 2015 года № 15 «Об утверждении Типовых правил расчета норм потребления коммунальных услуг по электроснабжению и теплоснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 января 2015 года № 15 «Об утверждении Типовых правил расчета норм потребления коммунальных услуг по электроснабжению и теплоснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета»
- Атауы (қаз.)
- «Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 347
- Қабылданған күні
- 04.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2024 201381_722412.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035213
- ЭКБ идентификаторы
- 201381
- Редакция идентификаторы
- 201381_722412
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:21
0 «Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және
жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10313 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5) тармақшасына және «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5) тармақшасына және «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібін айқындайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын электрмен жабдықтаушы ұйым мен жылумен жабдықтау субъектілері (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті берушілер) жүзеге асырады. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын Көрсетілетін қызметті берушілер алдыңғы нормалар бекітілген күннен бастап кемінде 18 айдан кейін және бес жылда бір рет қайта қарайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын сату бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібі»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көппәтерлі немесе жеке тұрғын үйді жылытуға сағаттық жылу жүктемесі (qmax), көппәтерлі немесе жеке тұрғын үйдің жылытылатын тұрғын үй-жайларының ішкі ауасының температурасы (tішкі), жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы (tөрұ), жылытуды жобалау мақсатында сыртқы ауаның есептік температурасы (tро), жылыту кезеңіндегі жылу тұтыну нормасын есептеу кезінде есептік кезеңнің ұзақтығы (n0) «Ғимараттардың жылу қорғанысы» ҚР ҚН 2.04-07-2022 сәйкес айқындалады».»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеу тәртібі».
2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі