Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 13 марта 2015 года № 189 "Об утверждении нормативов и требований к материалам и веществам, необходимым для проведения работ по очистке моря"

Бұйрық · № 492 · қабылданған 15.11.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2015-no-189/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 13 марта 2015 года № 189 "Об утверждении нормативов и требований к материалам и веществам, необходимым для проведения работ по очистке моря" Күшін жойған Бұйрық ·№ 492 ·15.11.2016
29.06.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 13 марта 2015 года № 189 "Об утверждении нормативов и требований к материалам и веществам, необходимым для проведения работ по очистке моря"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 492 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 13 марта 2015 года № 189 "Об утверждении нормативов и требований к материалам и веществам, необходимым для проведения работ по очистке моря"
Атауы (қаз.)
"Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 189 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
492
Қабылданған күні
15.11.2016
Көрсетілген редакция
29.06.2018 108524_333125.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014571
ЭКБ идентификаторы
108524
Редакция идентификаторы
108524_333125
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:17

0 «Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 189 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1.«Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 189 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10838 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 75 (28803) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңізді тазарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдар мен заттарға нормативтер мен талаптарда:
2 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Теңіз құрылыстары, магистральды мұнай құбырлары, теңіз порттары Заңның 95- бабының 5 тармағына және 95-1- бабының 4, 10 - тармақтарына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 262 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14018 болып тіркелген) Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне сәйкес бірінші және екінші деңгейлі мұнай төгілуін жоюға арналған қажетті материал және заттармен жабдықталады.»;
8 - тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 262 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14018 болып тіркелген) Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жою үшін қолдануға рұқсат етілген диспергенттер;»;
1 - қосымша алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов
2016 жылғы 30 қарашадағы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек
2016 жылғы 24 қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов
2016 жылғы 24 қараша

Қолданыстағы