О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 февраля 2015 года № 88 «Об утверждении Правил представления деклараций по производству и обороту этилового спирта и алкогольной продукции»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 февраля 2015 года № 88 «Об утверждении Правил представления деклараций по производству и обороту этилового спирта и алкогольной продукции»
- Атауы (қаз.)
- «Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 10.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 10.02.2021 152808_510580.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022189
- ЭКБ идентификаторы
- 152808
- Редакция идентификаторы
- 152808_510580
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:34
0 «Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2015 жылғы 13 ақпандағы № 88 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 88 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10502 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Этил спиртін және (немесе) шарап материалын өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібі»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. 11-бағанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген этил спирті немесе шарап материалының көлемі көрсетіледі.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Алкоголь өнімін өндіру және айналымы жөніндегі декларацияларын табыс ету тәртібі»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. 12-бағанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Алкоголь өнімінің айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібі»;
107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«107. 10-бағанда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінген алкоголь өнімінің көлемі көрсетіледі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.