О внесении изменений в постановление акимата Каракиянского района от 13 марта 2015 года № 92 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Каракиянский районный отдел внутренней политики и развития языков»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Каракиянского района от 13 марта 2015 года № 92 «Об утверждении Положения государственного учреждения «Каракиянский районный отдел внутренней политики и развития языков»
- Атауы (қаз.)
- «Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы №92 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 236
- Қабылданған күні
- 02.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 06.06.2016 94313_88080.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15MD002840
- ЭКБ идентификаторы
- 94313
- Редакция идентификаторы
- 94313_88080
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:32
0 «Қарақия аудандық ішкі саясат
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің Ережесін
бекіту туралы» Қарақия ауданы
әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы
№ 92 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 92 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 2686 болып тіркелген, «Қарақия» газетінде 2015 жылы 30 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасына:
1 бөлімінің 2 тармағы алынып тасталсын.
қаулының қосымшасының 7 бөлімі 31 тармақпен толықтырылсын:
«31. «Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және оның ведомствосының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
1) Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.».
2 2. «Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д.Сабытова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Бекқайыровқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қарақия аудандық ішкі саясат
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Сабытова Дина Жауымбайқызы
04 қыркүйек 2015 жыл