Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 февраля 2015 года № 93 «Об утверждении Перечня импортируемых товаров, по которым налог на добавленную стоимость уплачивается методом зачета в порядке, установленном Кодексом Республики Казахстан от 12 июня 2001 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс)», Законом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О введении в действие Кодекса Республики Казахстан «О налогах и друг

Бұйрық · № 176 · қабылданған 27.04.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2015-no-93-12-2001-10-2008/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 февраля 2015 года № 93 «Об утверждении Перечня импортируемых товаров, по которым налог на добавленную стоимость уплачивается методом зачета в порядке, установленном Кодексом Республики Казахстан от 12 июня 2001 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс)», Законом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О введении в действие Кодекса Республики Казахстан «О налогах и друг Күшін жойған Бұйрық ·№ 176 ·27.04.2017
21.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 февраля 2015 года № 93 «Об утверждении Перечня импортируемых товаров, по которым налог на добавленную стоимость уплачивается методом зачета в порядке, установленном Кодексом Республики Казахстан от 12 июня 2001 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс)», Законом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О введении в действие Кодекса Республики Казахстан «О налогах и друг

Күшін жойған Бұйрық ·№ 176 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 13 февраля 2015 года № 93 «Об утверждении Перечня импортируемых товаров, по которым налог на добавленную стоимость уплачивается методом зачета в порядке, установленном Кодексом Республики Казахстан от 12 июня 2001 года «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс)», Законом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года «О введении в действие Кодекса Республики Казахстан «О налогах и друг
Атауы (қаз.)
«Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңында белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидасын бекіту тур
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
176
Қабылданған күні
27.04.2017
Көрсетілген редакция
21.02.2018 112079_301350.kaz
Соңғы өзгеріс
21.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015113
ЭКБ идентификаторы
112079
Редакция идентификаторы
112079_301350
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:16

0 «Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы
10 желтоқсандағы Заңында белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы
13 ақпандағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңында белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10538 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесінде:
мына:
«
47
Осьті желдеткіштер
8414 59 200 0
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
47
Азаматтық авиацияға арналған осьті желдеткіштер
8414 59 200 0
»;
мына:
«
76
Ауыл шаруашылығына немесе бағбандыққа арналған басқа да құрылғылар
8424 82
8424 41
8424 49
77
Ауыл шаруашылығына немесе бағбандыққа арналған бүріккіштер: суару үшін
8424 49 100 0
8424 41 100 0
8424 82 100 0
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
76
Ауыл шаруашылығына немесе бағбандыққа арналған басқа да құрылғылар
8424 82
8424 41
8424 49 (оның ішінде 2017 жылғы 1 наурызға дейін жасалған және ішінара немесе толық төленген, жеткізу мерзімі 2017 жылғы келісімшарттар бойынша)
77
Ауыл шарушылығына немесе бағбандыққа арналған бүріккіштер: суару үшін
8424 49 100 0
8424 41 100 0
8424 82 100 0
(оның ішінде 2017 жылғы 1 наурызға дейін жасалған және ішінара немесе толық төленген, жеткізу мерзімі 2017 жылғы келісімшарттар бойынша)
»;
мына:
«
94
Пресс жинағыштарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе тетіктер, сабанды немесе пішенді дестелерге буып-түюге арналған престер; пішен шалғылары және көгал шалғылары; 8437 тауар позициясының машиналарынан басқа, жұмыртқаларды, жемістерді немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тазалауға, сорттауға немесе калибрлеуге арналған машиналар
8433
(8433 20 500 0,
8433 30 000 0,
8433 51 000 1,
8433 51 000 9,
8433 90 000 0 басқа)
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
94
Пресс жинағыштарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе тетіктер, сабанды немесе пішенді дестелерге буып-түюге арналған престер; пішен шалғылары және көгал шалғылары; 8437 тауар позициясының машиналарынан басқа, жұмыртқаларды, жемістерді немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тазалауға, сорттауға немесе калибрлеуге арналған машиналар
8433
(8433 51 000 1,
8433 51 000 9,
(күріш жинайтын комбайндарды және роторлы бастыру жүйесі бар комбайндарды
және
селекциялық комбайндарды қоспағанда), сондай-ақ 8433 59 850 9 тауар позициясының қамту ені 7,9,12,16 метр дәнді дақылдарды жинауға арналған тіркемелі және аспалы дестелегіштерден басқа (күріш, жүгері, майлы және бұршақ дақылдарын жинауға арналған дестелегіштерді, жинағыштарды, көшірме кескіші бар дестелегіштерді қоспағанда), (оның ішінде 2017 жылғы 10 наурызға дейін жасалған және ішінара немесе толық төленген, жеткізу мерзімі 2017 жылғы келісімшарттар бойынша),
8433 20 500 0,
8433 30 000 0,
8433 90 000 0.
»;
мына:
«
133
Импринтерлер (imprinter); төлем карточкаларын дербестендіруге арналған құрылғылар; эмброссерлер (embossing machine, embosser); электронды депозитарлық машиналар; кэш-диспенсерлер (Cash Dispenser)*
8472 90 990 0
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
133
Импринтерлер (imprinter); төлем карточкаларын дербестендіруге арналған құрылғылар; эмброссерлер (embossing machine, embosser); электронды депозитарлық машиналар; кэш-диспенсерлер (Cash Dispenser)*
8472 90 990 0
(оның ішінде 2017 жылғы 1 наурызға дейін жасалған және ішінара немесе толық төленген, жеткізу мерзімі 2017 жылғы келісімшарттар бойынша)
»;
мына:
«
168
Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері (мысалы, түзеткіштер), индуктивтілік катушкалары және дроссельдер
8504 (8504 31 800 1,
8504 32 000 9
8504 33 000 9
8504 34 000 0,
8504 90 басқа)
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
168
Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері (мысалы, түзеткіштер), индуктивтілік катушкалары және дроссельдер
8504 (8504 31 800 1, 8504 32 000 9
8504 33 000 9
8504 34 000 0,
8504 90,8504 21 000 0,
8504 22 100 0 басқа)
»;
мына:
«
199
Электр қуатының сыртқы көзінен қоректенетін темір жол локомотивтері
8601 10 000 0
200
Дизель-темір жол электрлі локомотивтер
8602 10 000 0
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
199
Электр қуатының сыртқы көзінен қоректенетін темір жол локомотивтері (магистральдық локомативтерді қоспағанда)
8601 10 000 0
200
Дизель-темір жол электрлі локомотивтер (магистральдық локомативтерді қоспағанда)
8602 10 000 0
»;
мына:
«
205
Өздігінен жүрмейтін жабық және жабылатын темір жол, жүк вагондары
8606 91
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
205
Өздігінен жүрмейтін жабық және жабылатын темір жол, жүк вагондары (жабық вагондардан және 8606 91 800 0 тауар позициясының астық тасымалдауға арналған жабық хоппер вагондарынан басқа)
8606 91
»;
мына:
«
209
3 тк шынжыр табанды тракторларды қоспағанда, тракторлар (8709 тауар позициясының тракторларынан басқа)
8701-ден
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
209
3 тк шынжыр табанды тракторларды (8709 тауар позициясының тракторларынан басқа), 8701 92, 8701 93, 8701 94 100 9 тауар позициясының қуаты 100 кВт-ке дейінгі, 8701 94 500 0 тракторларынан басқа, тракторлар
8701-ден
»;
мына:
«
211
Көлік құралының 20 тоннадан асатын, толық массасы мен қысымнан оталатын поршеньді іштен жану двигателі (дизельді немесе жартылай дизельді) бар жүк тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлік құралдары, жаңалары
8704 23 910
212
Автомобильдің 20 тоннадан асатын толық массасы мен қысымнан оталатын поршеньді іштен жану двигателі (дизельді немесе жартылай дизельді) бар жүк тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлік құралдары, бұрын қолданыста болғандары
8704 23 990
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
211
Көлік құралының толық массасы 20 тоннадан асатын, қысымнан от алатын поршеньді іштен жану двигателі (дизельді немесе жартылай дизельді) бар жүк тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлік құралдары, жаңалары
8704 23 910 (8704 23 910 8 тауар позициясының өздігінен түсіргіш техникасынан басқа)
212
Автомобильдің толық массасы 20 тоннадан асатын, қысымнан от алатын поршеньді іштен жану двигателі (дизельді немесе жартылай дизельді) бар жүк тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлік құралдары, бұрын қолданыста болғандары
8704 23 990 (өздігінен түсіргіш техникадан басқа)
»;
мына:
«
254
Қара металдардан жиналатын құрылыс құрастырмалары: жылыжайлар
9406 90 310 0
255
Модульдік үйлер шығаратын зауыттарға арналған қара металдан немесе өзге материалдардан жасалған құрастырмалы құрылыс конструкциялары
9406 90 390 9
9406 90 900 9
256
Өзге материалдардан жасалған жылыжайлар
9406 90 900 9
»;
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
254
Қара металдардан жиналатын құрылыс құрастырмалары: жылыжайлар
9406 90 310 0
(оның ішінде 2017 жылғы 1 наурызға дейін жасалған және ішінара немесе толық төленген, жеткізу мерзімі 2017 жылғы келісімшарттар бойынша)
255
Модульдік үйлер шығаратын зауыттарға арналған қара металдан немесе өзге материалдардан жасалған құрастырмалы құрылыс конструкциялары
9406 90 390 9
9406 90 900 9
(оның ішінде 2017 жылғы 1 наурызға дейін жасалған және ішінара немесе толық төленген, жеткізу мерзімі 2017 жылғы келісімшарттар бойынша)
256
Өзге материалдардан жасалған жылыжайлар
9406 90 900 9
(оның ішінде 2017 жылғы 1 наурызға дейін жасалған және ішінара немесе толық төленген, жеткізу мерзімі 2017 жылғы келісімшарттар бойынша)
».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, сондай-ақ осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлтық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы