О внесении изменений в постановление акимата Западно–Казахстанской области от 13 апреля 2015 года №98 «Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов в Западно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Западно–Казахстанской области от 13 апреля 2015 года №98 «Об утверждении Правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов в Западно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №98 «Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20
- Қабылданған күні
- 12.02.2020
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2022 139573_586954.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20Z0006029
- ЭКБ идентификаторы
- 139573
- Редакция идентификаторы
- 139573_586954
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:02
0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №98
«Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың
түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №98 «Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген, «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 мамырда жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларында:
1-қосымшада:
реттік нөмірі 6–жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6
Емханалар
1 келіп кету
»;
реттік нөмірі 7- жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7
Ауруханалар, өзге де емдеу–сауықтыру мекемелері
1 төсек - орын
»;
реттік нөмірі 9–жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
»;
реттік нөмірі 10- жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы
1 отыратын орын
»;
реттік нөмірі 14 және 15 жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
14
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер
сауда алаңы 1 м2
15
Машиналардан сату
сауда орнының 1 м2
»;
6-қосымшада:
2-тармақтың 3) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Р.С.Шауенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.А. Алпысбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аббревиатураның толық жазылуы:
м2 - шаршы метр.