О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 13 октября 2016 года № 10 «Об утверждении положений о территориальных органах Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 13 октября 2016 года № 10 «Об утверждении положений о территориальных органах Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменттері туралы ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 қазандағы № 10 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 102
- Қабылданған күні
- 12.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 25.07.2019 120590_416947.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G18GSA00102
- ЭКБ идентификаторы
- 120590
- Редакция идентификаторы
- 120590_416947
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:52
0
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменттері туралы ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 қазандағы № 10 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменттері туралы ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 қазандағы № 10 бұйрығына (2016 жылы 27 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген 3-қосымшаның «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ереже»:
8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің заңды мекенжайы: 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 75.».
2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;