О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 13 мая 2016 года № 129 «Об утверждении Правил формирования и содержания музейного фонда Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 13 мая 2016 года № 129 «Об утверждении Правил формирования и содержания музейного фонда Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 366
- Қабылданған күні
- 15.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2022 175721_611874.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200031174
- ЭКБ идентификаторы
- 175721
- Редакция идентификаторы
- 175721_611874
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 21:58
0 «Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру
және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13815 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы музей қорын қалыптастыру және ұстау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидалары»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Музей қорын қалыптастыру»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан аумағындағы археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларымен және басқа да мемлекеттермен берілген материалдарды және олжаларды қабылдау.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-не дейін тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар жөніндегі мәліметтерді осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдайды.»;
3-тараудың тақырыбын мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Музей қорын ұстау»;
11-тармақ орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады.