Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 13 мая 2016 года № 129 «Об утверждении Правил формирования и содержания музейного фонда Республики Казахстан»

Бұйрық · № 366 · қабылданған 15.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/13-2016-no-129-ekb-175721/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 13 мая 2016 года № 129 «Об утверждении Правил формирования и содержания музейного фонда Республики Казахстан» Қолданыста 15.12.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 13 мая 2016 года № 129 «Об утверждении Правил формирования и содержания музейного фонда Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық № 366 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 13 мая 2016 года № 129 «Об утверждении Правил формирования и содержания музейного фонда Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
366
Қабылданған күні
15.12.2022
Көрсетілген редакция
15.12.2022 175721_611874.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200031174
ЭКБ идентификаторы
175721
Редакция идентификаторы
175721_611874
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:58
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру

және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13815 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе  мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы музей қорын қалыптастыру және ұстау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидалары»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Музей қорын қалыптастыру»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан аумағындағы археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларымен және басқа да мемлекеттермен берілген материалдарды және олжаларды қабылдау.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-не дейін тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар жөніндегі мәліметтерді осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдайды.»;
3-тараудың тақырыбын мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Музей қорын ұстау»;
11-тармақ орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.